6 C
Алматы
Бейсенбі, 2 Мамыр 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Қоғам

    Видеоға қару ұстап түскен жігіттің өткен өмірі жайлы маңызды ақпарат пайда болды

    Полиция департаментінің хабарлауынша, видео зерттелген. Жедел-іздестіру іс-шаралары кезінде полиция қызметкерлері бұрын сотталған 24 жастағы азамат А.-ны ұстады деп хабарлайды Qazweek.kz ақпарат агенттігі  KAZ.NUR.KZ порталына сілтеме жасап.

    Белгілі болғандай, 2017 жылдың маусым айында ұсталған азамат бұзақылық және мүлікке қасақана залал келтіргені үшін 5 жылға бас бостандығынан айырылды.

    “Ағымдағы жылдың 4 қаңтарында сот жазаның өтелмеген бөлігін заңнаманы ізгілендіруге байланысты Нұр-Сұлтан қаласы бойынша ҚАЖД пробациялық бақылауда болуына байланысты бас бостандығын шектеуге ауыстырды. Алайда, ұсталған азамат өзі үшін тиісті қорытынды жасамай, заңды қайтадан бұзды”, – деп хабарлады полицияда.

    Қазіргі уақытта бас бостандығын шектеуді бас бостандығынан айырудың нақты мерзіміне ауыстыру туралы сотқа ұсыныс енгізу мәселесі шешілуде.

    Естеріңізге сала кетейік, кеше полицейлер қарудың арсеналын көрсеткен және Нұр-Сұлтан енді оларға тиесілі екенін мәлімдеген басты “батырдың” жеке тұлғасын анықтаған еді.

    Бүгін жас жігіттің қолға түскені белгілі болды. Онымен бірге құқық қорғау органдарының қызметкерлері жанжалды ролик түсірген ер адамды ұстады. Сонымен қатар, көлік жүргізуші ұсталды. Видео көліктің салонында түсірілген болатын.

     

     

     

     

     

     

     

     

    қатысты посттар

    “Бізді ойлап жүрген адам емес қой”: Жетісайлық үш қыз туған аналарына ренішін жеткізді

    БҚО-да ер адам 4 жасар өгей ұлын аяқ-қолын байлап, сарайға қамаған

    Фариза

    9 қабаттан арқанмен түспек болған елордалық тұрғын мерт болды (видео)

    Фариза

    Пікір қалдыру

    5 + 16 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.