-3.1 C
Алматы
Понедельник, 24 февраля 2025
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Қоғам

    «Мәйіттерге арналған қорап»: қазақстандықтар жантүршігерлік видеоны талқылап жатыр

    Желіде мәйіттерге арналған қораптарға салынған қаптар қоймасы көрсетілген видео қызу талқыланып жатыр. Желі қолданушыларының сөзінше, бұл COVID-19 вакцинасын алғандарға арналған, — деп хабарлайды Qazweek.kz ақпарат агенттігі Stopfake.kz порталына сілтеме жасап.

    Басылым мәліметінше, бұл — жалған ақпарат. 

    Видеоны желіге @_TheCoolTwin лақапатымен тіркелген падаланушы жүктеген. Кадрларда Amazon компаниясына тиесілі қойма қызметкері жүздеген қорап салынған палетті көрсетеді. Олардың кейбірінде ішінде «мәйіттерге арналған қаптар бар» деген жазу бар. Содан кейін қораптардың бір бөлігі FedEx жеткізу қызметінің логотипі бар жүк көлігі алып кетеді. АҚШ-та қайтыс болғандардың денелеріне арналған сөмкелерге деген сұраныстың артуы вакцинациямен емес, COVID-19-дан көз жұму жағдайларының артуымен байланысты екен.

    «Сондай-ақ, видеода да, оның сипаттамасында да дайындалған қаптардың қанша ауруханаға, қалаға және елдерге арналғаны айтылмаған. Қоймадан тауарлар әлемнің әртүрлі нүктелеріне жіберілуі мүмкін, сондықтан тауарлар санының көп болуы ойға қонымды», — деп жазды басылым. 

    Видеода түсірілген қойма тиесілі Amazon компаниясының ресми өкілдері видеоға қатысты пікірлерін әлі білдірмеді және осы тақырып бойынша түсініктеме берген жоқ. 

    қатысты посттар

    Қостанай облысында тәртіп сақшысын мазақ еткен ер адамның видеосы тарауда

    Фариза

    Нұр-Сұлтанда ұйықтап жатқан екі полицейді видеоға түсіріп, оларды бопсалаған азамат жазаланды

    Фариза

    Бала сатып жатыр: 500 мың теңгеден басталады

    Фариза

    Пікір қалдыру

    2 × 1 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.