9 C
Алматы
Жұма, 29 Наурыз 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Билік және саясат Қоғам Оқиға

    “Ұсталғандардың бәрі шықты…” – Ринат Заитовтың босап шыққанын көрген жұрт тарады (видео)

    10 маусымда шамамен кешкі 23.00-де айтыскер ақын Ринат Зайытов Алматы қалалық полиция департаменті маңына келіп, жиналғандармен кездесті, деп жазады Qazweek.kz ақпарат агенттігі Азаттық радиосының дерегін негізге алып.

    Жиналғандар Зайытовты “Ринат, Ринат” деп айғайлап, қарсы алды. Зайытов жиналғандарды тарауға шақырды.

    – Тараңыздар. Мен үйден келдім. Көңілім босап, көзіме жас келіп тұр. Сіздермен біргемін. Тарқайық. Ұсталғандардың бәрі шықты. Бәрі дұрыс. Ешкім ешкімді алып кетпейді, – деді ол. 

    Сөзін аяқтаған соң Ринат Зайытов көлікке отырып, кетіп қалды. Кейін жиналғандар да ақырындап тарай бастады. Департамент алдына келгендердің бірі “Қазақстан бір қадам алға! Біз жеңдік!” деп айғайлады. 

    10 маусымда Алматыда кешкі сағат 18.00 шамасында Бауыржан Момышұлы – Тұрар Рысқұлов көшелері қиылысындағы Алатау театры маңына бір топ адам сайлау нәтижесін қарсылық танытқан. Сол уақытта полиция 50-60 шақты адамды полиция ұстап әкеткен. Ұсталғандар арасында айтыскер ақын Ринат Зайытов болған.

    Кейін жүзден астам адам Алматы қалалық полиция департаментіне келіп, Ринат Зайытовты босатуды талап етті. Олар “Зайытовты осы жерге келмейінше тарқамаймыз” деп талап қойды. Жиналғандарды полицияның арнайы жасағы қоршап тұрды. Олармен Алматы қалалық полиция департаменті бастығының орынбасары Ізбасар Бектұров, Алматы қаласы әкімінің орынбасары Арман Қырықбаев сөйлесті.

    ​10 маусымда орталық сайлау комиссиясы кезектен тыс президент сайлауының нәтижесін жариялады. ОСК дерегінше, “Нұр Отан” кандидаты, қазіргі президент Қасым-Жомарт Тоқаев шамамен 70 пайыз дауыс алған.

    қатысты посттар

    Атышулы экс-депутат шындығын айтты: Ол жігітке дейін мен пәк қыз болғанмын

    Белгілі тележүргізушіні бір топ әйелдің не үшін соққыға жыққаны белгілі болды (видео)

    Ораза ұстамаудың себеп-сылтаулары туралы жұлдыздардың пікірі

    Пікір қалдыру

    sixteen − one =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.