Понедельник, 23 декабря 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • IT және Ғылым

    Қазақстанда IT-салаға экспорттық инкубатор құру ұсынылды

    IT-жобаларды шетелге ілгерілету үшін экспорттық инкубаторды Назарбаев Университетінің жанынан құру жоспарлануда. Бұл  ұсынысты Елбасы Академиясының өзгерістерді басқару жөніндегі салалық менеджерлерді даярлау бағдарламасының «Сауда және логистика» командасының қатысушылары жасады.

    Идея авторы — «NAC ANALYTICA» Назарбаев Университетінің аға ғылыми қызметкері Азат Айтуар.Оның пікірінше, компания құру кезінде әрбір IT-кәсіпкер экспорттыңүлкен нарығына шығуды жоспарлауы керек. Егер жоба мен оның идеясы ерекше болса, онда бұл компанияның қысқа мерзімде дамуына көмектеседі. Өйткені IT-сектор өз мәні бойынша елеулі логистикалық шығындарды талап етпейді.

    — «Мемлекеттің экспорттық идеяларға бастапқы кезден бастап қолдау көрсетуі  өте маңызды, себебі өз ерекшелігені ие жобалардың экспортқа шығу мүмкіндігі зор. Елдегі көптеген ірі компаниялар батыстық идеяны көшірді немесе жергілікті нарыққа бейімделген жобаларын дамытуды ұзақ уақыт жүргізген. Осы уақыт ішінде осындай идеяға ие шетелдік компаниялар ірі нарықта ауқымды үнемдеуге қол жеткізді, ал біздің компаниялар баға немесе сапа жағынан олармен бәсекеге түсе алмайды», — деді Азат Айтуар.

    Жоспар бойынша «Экспорттық инкубатор» жобасы екі кезеңде жүзеге асырылады.

    «Біріншісі — әлеуетті кәсіпкерлерге арналған онлайн-алаң құру. Мұндаөз идеяңызды талдауға қажет білім беріледі. Кәсіпкер өз жобасының қаншалықты тиімді екендігін, қаншалықты орынды екендігін анықтайды және нәтижесінде өзінің болашақ компаниясының экспорттық стратегиясын рәсімдейді.

    Екінші кезең-экспорттық инкубаторға қатысу үшін ең жақсы стратегияларды таңдау. Олардың негізінде біз бірегей, перспективалы идеяларды таңдап, оларды экспортқа шығару үшін қолдай аламыз, – деп атап өтті сарапшы.

    Инкубатордың негізгі міндеті – кәсіпкерлердіэкспорттық акселераторға  — мемлекеттік қолдау бағдарламасына  дайындау. Экспорттық инкубаторда оқуды аяқтағаннан кейін кәсіпкерлер өздерінің экспорттық стратегиясын аяқтайды және қай нарықта өз тауарына  сұраныс болатындығын, оған қандай бағамен кіру керек және өз тауарларын қалай орналастыру керектігін біледі. Бұдан әрі экспорттық акселератордың жұмыс істеп тұрған бағдарламасында кәсіпкерге тауарлар мен қызметтерді шетелдік нарықтарға жылжытуда және әлеуетті серіктестермен және клиенттермен келісімшарттар жасасу үшін нысаналы нарықтарда кездесулер ұйымдастыруда көмек көрсетілетін болады.

    қатысты посттар

    Алтынды күміспен бірге тағу неге қауіпті?

    Илон Маск 2 минуттың ішінде 1,1 млрд долларынан айырылып қалды

    Цифрландыру: Қызмет сапасы артады

    Пікір қалдыру

    15 − 4 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.