13 C
Алматы
Бейсенбі, 25 Сәуір 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • IT және Ғылым

    Халықаралық олимпиадада Қазақстан құрамасы бес медаль жеңіп алды

    Қазақстандық жасөспірімдер халықаралық пәндік олимпиадалардың күнтізбелік жылын лайықты аяқтап, дайындық сапасын тағы да дәлелдеді.

    Дохада (Катар) жасөспірімдердің 16-шы халықаралық жаратылыстану-ғылыми олимпиадасы (International Junior Science Olympiad – IJSO) аяқталды. Жарысқа әлемнің 70 елінен 15 жастан аспаған оқушылар қатысты. Әр ел 6 оқушыдан тұратын команданы жібереді.  Қазақстан құрамасы бес медаль жеңіп алды. IJSO-2019 – тестік, теориялық және практикалық турда қатысушылар физика, химия және биология бойынша өз білімдерін көрсетті.

    Күміс медальді Павлодар қаласы, дарынды балаларға арналған №8 лицей-мектебінің 9 сынып оқушылары Рахимжанов Динмухамед пен Лим Владимир жеңіп алды.

    Қола медальдарымен: Қызылорда қаласы №9 облыстық “Білім-инновация” лицей-интернатының 10 сынып оқушысы Серікбаев Исламхан, Нұр-сұлтан қаласы “Республикалық физика-математика мектебі” коммерциялық емес акционерлік қоғамының филиалының 10 сынып оқушысы Қалдыбаев Рауан, Ақтөбе облыстық дарынды ер балаларға арналған “БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ” мамандандырылған лицей-интернатының 9 сынып оқушысы Сәрсенбай Айдос марапатталды.

    Медальдардың көптігі – бұл өзіндік дәстүрлері мен жаңашылдықтары бар тамаша педагогикалық мектептің, сонымен қатар жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндер бойынша олимпиадалық резерв мүшелерін сапалы даярлаудың нәтижесі.

    қатысты посттар

    Ақырзаман қашан болады? Ғалымдар болжамы

    Алматы тұрғындары аудан әкімдеріне тікелей эфирде сұрақ қоя алады

    iPhone +18 суреттерді көрмек болған балалардың ата-анасына хабарлама жібереді

    Фариза

    Пікір қалдыру

    6 − six =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.