Қызылорда облысының Жалағаш ауданында эпид ахуал күрделенген жағдайда «Ақтерек» жазғы лагерінде – 50, Мәдениет ауылдық ауруханасына – 100, барлығы 150 қосымша инфекциялық орын жасақталады деп жоспарлануда.
Қазіргі таңда Жалағаш аудандық ауруханасында барлығы 93 дәрігер, 442 орта буынды медицина қызметкерлері және 169 кіші буын қызметкерлері жұмыс атқаруда. Короновирус пандемиясына қарсы күреске аудан бойынша барлығы 182 медициналық қызметкер жұмылдырылған, оның ішінде – 24 дәрігер, 138 орта буынды қызметкерлер және 20 кіші аяжан қызмет атқарды. Осы аталған қызметкерлерге барлығы наурыз және қыркүйек айлары аралығында 76 132 100 теңге үстемақы төленді.
Ауданда эпид ахуал күрделеніп, екінші толқын басталған жағдайда короновирус пандемиясына қарсы күреске аудан бойынша 25 дәрігер, 140 орта буын қызметкері, 20 кіші аяжан жұмылдырады деп жоспарлануда.
Аурухана бойынша жасанды өкпені желдету (ӨЖЖ) ИВЛ аппараты 10 дана. Қазіргі таңда осы аппараттың 3 данасы инфекция бөлімшесінде, 1 данасы перзентхана бөлімшесінде, 6 данасы орталық аурухананың реанимация бөлімшесіне орналастырылған. 2 дана рентген аппараты, 2 дана флюрограф аппараты бар. Бұдан басқа, ауруханада 44 дана оттегі концентраторы, 40 дана оттегі балондарымен, 144 дана пульсоксиметр, 54 дана бесконтактный термометр және арнайы құрал – жабдықтармен толығымен жабдықталған.