12 C
Алматы
Сенбі, 20 Сәуір 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Аймақтар

    Шымкент: Қаратау ауданының әкімі Абзал Әліқұловтың қатысуымен брифинг өтті

    Ақпараттық-коммуникациялық орталығында Шымкент қаласы Қаратау ауданының әкімі Абзал Әліқұловтың қатысуымен аудан аумағында атқарылып жатқан жұмыстар бойынша онлайн брифинг өтті.

    Брифинг барысында Абзал Шымкентбайұлы ауданның инфрақұрылым және коммуналдық-шаруашылық саласына қатысты сауалдарға жауап беріп, алдағы уақытта аудандағы шешімін табуы тиіс мәселелер бойынша тиісті жұмыстарды жүргізу жалғасатындығын мәлімдеді.

    — Қазіргі таңда ауданымызда коронавирус пандемиясына қарсы санитарлық-дезинфекциялау жұмыстары жоспарға сәйкес жүргізілуде. Бұл ретте көпқабатты тұрғын үйлерге қызмет көрсетуші мекемелер тарапынан (КСК) барлық көпқабатты тұрғын үйлер аптасына екі рет залалсыздандырылуда. Сонымен қатар, аудан аумағындағы жылу алатын көпқабатты тұрғын үйлерге сығымдау жұмыстары жүргізілуде. Жалпы аудан бойынша 6 қызмет көрсетуші мекемелер көпқабатты үйлерді қысқы жылу маусымына дайындауда. Сығымдау барысында құбырлардың ақауларды тексеру, тік құбырларға 6-7 атмосфералық қысым берілуін анықтау, жарамсыз бұрандаларды ауыстыру жүргізілетін болады. Қазіргі таңда 200 көпқабатты тұрғын үйдің жылу жүйелері сығымдаудан өтті, — деді А.Әліқұлов.

    Аудан әкімінің мәлімдеуінше, санитарлық тазалықты сақтау мәселесіне де ерекше көңіл бөлінуде. Мәселен, аудан аумағында 520 куб күл-қоқыс шығарылып, 218 шақырым ирригациялық жүйелерді тазалау, 3250 ағаш түбін әктеу, 350 ағашты санитарлық қырқу және 46 гектар аумақтың қураған шөбін ору жұмыстары атқарылған.

    Сондай-ақ аудан әкімі көшелерді абаттандыру бойынша атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталды.

    — Қаратау ауданы аумағында жалпы 352 көпқабатты тұрғын үй 152 аулаға біріктірілген. Қазіргі таңда 57 аулаға біріктірілген 139 көпқабатты тұрғын үй аулаларына заманауи үлгідегі сапалы балалар ойын алаңы мен спорттық жаттығу тренажерлары және 20 ашық спорт алаңшаларын орнату мен күтіп-ұстау жұмыстары мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында жүргізілуде, — А.Әліқұлов.

    Фариза Жандар

    қатысты посттар

    Жамбыл облысында жерасты суларын тиімді пайдалану ісі қолға алынуда

    Фариза

    Қазақстан және Өзбекстан Кәсіподақтар федерациясы Мақтаарал тұрғындарына 66 миллион теңгенің бірлескен қайырымдылық көмегін көрсетті

    Фариза

    Қызылорда: Жалағаштықтар 5000 тонна күріш экспорттады

    Фариза

    Пікір қалдыру

    1 × two =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.