-13.1 C
Алматы
Понедельник, 23 декабря 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Аймақтар Әлеумет

    Қызылорда облысында әлеуметтік-экономикалық көрсеткішті жақсарту мақсатында 16 жоба іске асырылады

    Қызылордада аймақтың әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштерін жақсарту мақсатында жаңа 16 жоба іске асырылады. Яғни, бүгінде шыны зауытының айналасында құны 16 млрд. теңгені құрайтын 3 жобаны жүзеге асыру бойынша келіссөздер жүргізілуде. Шыны талшықтар, айналар және шыны ыдыстар өндірілетін болады.

    «Қызылорда қаласының индустриялық аймағында айна шығару өндірісі бойынша жобаны іске асыруға қызығушылық танытқан «Дана кварц» серіктестігінің өңірлік компаниясы анықталды. Сондай-ақ, ресейлік инвесторлармен 1,6 млрд. теңгеге дәрілік заттарды шығару жөніндегі жобаны іске асыру жоспарлануда. Бұған қоса, қытайлық инвесторлармен құны 10 млрд. теңгеге күріш сабанынан целлюлоза өндіру бойынша бірлескен кәсіпорын құру мәселесі де қаралуда», – дейді облыстық экономикалық және бюджеттік жоспарлау басқармасы басшының орынбасары Алмагүл Нұрасылова.

    Сонымен қатар, биыл аймақта құны 26,7 млрд. теңгені құрайтын 110 жоба іске асырылуда. Жоба аясында 2051 жұмыс орны ашылатын болады. Бүгінде 63 жобасы жүзеге асып, 548 жұмыс орны құрылды.

    қатысты посттар

    Шымкентте қосымша 3 мыңнан аса адамға мемлекеттік грант беріледі

    Фариза

    Шымкент: 276 орамда инфрақұрылым мәселесі шешімін тауып жатыр

    Фариза

    Тараздағы ерекше тарту немесе қос қуаныш

    Пікір қалдыру

    five × three =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.