11 C
Алматы
Жұма, 29 Наурыз 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Аймақтар Қоғам

    Шымкент: Мамандар  қоғамдық көлік мәселесі биыл түпкілікті шешіледі деп отыр

    Мамандар  қоғамдық көлік мәселесі де биыл түпкілікті шешіледі деп отыр Шымкентте биыл топырақ жолдардың барлығына шағал тас төселу жоспарланып отыр.  Бұл туралы бүгін қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы өкілдерінің қатысуымен өткен брифингте айтылды.

    Биыл Шымкентте жол құрылысы қыза түскен. Қазір бас-аяғы 415 шақырым жол жөнделіп жатыр. Олардың ішінде шаһардағы көлік кептелісін реттейтін 5 өткелдің құрылысы жүргізілуде. Дегенмен, мегаполисте әлі күнге дейін асфальт түгілі шағал тас төселмеген жолдар бар. Басқарма өкілдерінің сөзіне қарағанда қазір қаладағы топырақ жолдардың ұзындығы 112 шақырымды құрайды. Салаға жауаптылар жыл соңына дейін топырақ жолдардың мәселесін толығымен шешеміз деп уәде етті.

    Абай Тұрханов, Шымкент қаласы ЖК және АЖ басқармасы басшысының орынбасары: «Тұрғындары 50 пайыз қоныстанған жолдарды есептегенде 112 шақырымды құрап отыр. Топырақ жолдарға шағал тас төсеу үшін бюджеттен қаржы бөлінген. Қазір екі мердігер мекеме жұмыс істеп жатыр».

    Қоғамдық көлікке байланысты туындаған барлық мәселелер шешіледі деп отыр басқарма өкілдері. Бұдан былай бірін-бірі қайталайтын автобустар да алынып тасталады. Ал жыл соңына дейін  ескірген қоғамдық көліктерді бірте-бірте алып тасталмақ.

    Фариза Жандар

    қатысты посттар

    ШЫМКЕНТ: РЫСҚҰЛОВ – ҚОНАЕВ КӨШЕЛЕРІНІҢ ҚИЫЛЫСЫНДАҒЫ ЖОЛАЙРЫҚ ҚҰРЫЛЫСЫ 15 ҚАЗАНДА БАСТАЛАДЫ

    Фариза

    Қызылорда облысында 244 өкпені жасанды желдету аппараты бар

    Фариза

    “Еріні жырылып, денесінде көгерген іздер қалған” Алматыдағы балабақша тәрбиешісінің балаларға қатыгездік танытқан видеосы пайда болды

    Фариза

    Пікір қалдыру

    fifteen − five =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.