Среда, 11 июня 2025
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Аймақтар

    Қызылордада «Ауыл – ел бесігі» жобасы аясында 62 жоба іске асырылуда

    «Ауыл – Ел бесігі» жобасы «Өңірлерді дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының» бір бағыты ретінде біріктірілді. Аталған жобаға Қызылорда облысының 103 елді мекені арнайы әдістеме негізінде іріктеліп, енгізілді. Нәтижесінде 62 инвестициялық жобаны іске асыруға бюджеттен 5,1 млрд. теңге бөлінді.

    Ауыл тұрғындарының өмір сүру сапасын жақсартуға бағытталған жоба аясында 4 мектеп жөнделіп, 2 ауылға су желісі тартылды, үш ауылдың көшелері жарықтандырылды. 42 жоба ауыл көшелерін асфальттауға бағытталса, Жаңақорған ауданы Шалкия кентінде 150 орындық клуб, Арал ауданы Жақсықылыш кентінде мектепке 100 орындық қосымша ғимарат, Жалағашта 200 орындық оқушылар және 50 орындық өнер мектебі салынуда.

    Жоба аясында 298 жұмыс орны ашылды, оның 109-ы тұрақты. Бүгінде 62 жобаның 35-і аяқталып, пайдалануға берілді.

    қатысты посттар

    «Елдіктің 7 тұғыры»: Елбасы қағидаттары жамбылдық жастарға жігер сыйлады

    Фариза

    Жамбыл облысының әкімі Арыс қаласына барып, өңір штабының жұмысымен танысты

    Қызылорда облысына 161 мың тонна көмір келді

    Фариза

    Пікір қалдыру

    nineteen − 7 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.