-13.1 C
Алматы
Четверг, 26 декабря 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Аймақтар

    Қызылорда: Қазалыда «Бастау» жобасын оқып, кәсібін ашқандар қатары көп

    «Бастау» жобасының түлектерінің бірі қазалылық – Тұрған Жетесәлиева 16 жылдан бері тігіншілікпен айналысып келеді. Алғаш қарапайым көрпе, көрпеше тігуден бастаған Тұрған бүгінде тапсырыспен жұмыс жасайтын белгілі ісмерге айналды. Кәсібі өрге жүрген кәсіпкер орталықтан арнайы «Қыз Жібек» қыз жасауын дайындайтын тігін шеберханасын ашты. Отбасылық бизнес болғандықтан қыздарымен бірге жұмыс жасауда.

     «2017 жылы шағын шеберханамды ашқан болатынмын. Ол үшін Кәсіпкерлер палатасының Қазалы аудандық филиалы арқылы «Бастау» жобасын оқып, 1,5 млн.теңге несие алдым. Шеберханада қазақы нақыштағы оюларды өзіміз жасаймыз, оямыз, тігеміз. Бұл біздің жанұялық бизнесіміз. Көмекшілерім – балаларымыз. Құда-құдағайларға арналған жастықтар, көрпе-көрпешелер, одан өзге де тұтынушыларымыздың сұранысына сай суреттерін салып, оюларын ойып береміз», – дейді кәсіпкер Тұрған Жетесәлиева.

     Кәсіпкерлік негіздерін оқып, бизнес сауаттылығын арттырған шебер жеңілдетілген несиені «Қызылорда» Өңірлік инвестициялық орталығынан алғанын айтты.Кәсіпкер аталмыш қаржыға заманауи тігін машиналарын сатып алады. Бұл әрине еңбек өнімділігінің артуына септігін тигізіп, тапсырыстарды көптеп қабылдауға және уақытылы бітіріп беруге мүмкіндік беріп отыр. 

     Айта кету керек, 2017 жылдан бері Қазалы ауданы бойынша 1172 адам «Бастау» жобасын оқыған. Соның ішінде биыл 246 адам оқып, біліктілігін жетілдірген. Оқуды аяқтағандығы жөнінде сертификат алған азаматтардың ішінде 75 жоба иесі «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы аясында 41,1 млн. теңге қайтарымсыз қаржыға ие болды

    қатысты посттар

    Таразда «Анаға тағзым» орталығы ашылды

    Фариза

    ЮНЫЙ ЭКОЛОГ ИЗ ШЫМКЕНТА ЗАНЯЛ ПРИЗОВОЕ МЕСТО НА РЕСПУБЛИКАНСКОМ ФОРУМЕ

    Фариза

    Мұрат Әйтенов: Кәсіпкерлерге қолдау көрсетіледі

    Фариза

    Пікір қалдыру

    13 + sixteen =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.