11 C
Алматы
Бейсенбі, 2 Мамыр 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Аймақтар

    Қызылордада полиция инспекторларына жаңа қызметтік көліктер берілді

    Қызылорда облысы полиция департаментінің қызметкерлері Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев тағайындаған «Халық алғысы» медалімен марапатталды. Аталған медаль пандемиямен күресте айрықша көзге түскен азаматтарды ынталандыру мақсатында бекітілген болатын.

    Қаладағы Рәміздер алаңында өткен салтанатты жиында жол талғамайтын автокөлік учаскелік полиция инспекторларының иелігіне берілді. 20 автокөлік тұтастай заманауи құрылғылармен жабдықталған.

     «Мемлекет басшысы мен Ішкі істер министрі полиция және медицина қызметкерлерінің еңбегін жоғары бағалады. Төтенше жағдай кезінде қауіпсіздік шараларын қамтамасыз еткен 25 полиция қызметкері мен 4 медицина маманы «Халық алғысы» медалімен марапатталды. Облыс әкімдігімен бірлесіп, Президент Жолдауын кезең – кезеңімен орындау мақсатында учаскелік полиция инспекторларына 20 автокөлік беріліп отыр. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің атынан Қызылорда облысы Полиция департаменті Қызылорда қаласы Полиция басқармасының №11 озық учаскелік полиция пунктіне қызметтік автокөлікке сертификат берілді. Учаскелік полиция инспекторларын қажетті техникамен қамтамасыз етіп, мәртебесін көтеру – Президенттің және Ішкі істер министрінің «Халыққа жақын полиция» қағидаты бойынша нұсқауын сапалы және уақытылы орындауларына мүмкіндік береді», – деді департамент бастығы Бектөре Жеңісбайұлы.

    Еңбегімен ерекшеленген тәртіп сақшылары халықтың бейбіт өмірі мен егемендігіміздің құндылықтарын қорғау жолында аянбай еңбек етпек.

    «Төтенше жағдай кезінде халық игілігі үшін еңбек еткен қызметкерлерге Мемлекет басшысының марапаты үлкен демеу. Карантин басталғалы күні – түні еңбек еттік. Артылған сенімді ақтауға тырыстық. Қиын уақытта медицина қызметкерлерімен бірге карантин режимін қамтамасыз етіп, тұрғындарға көмек көрсеттік. Бүгін, міне еңбегімізге жоғары баға беріліп отыр. Біздің еңбегімізді бағалаған басшылығымызға өзімнің және әріптестерімнің атынан шын жүректен алғыс айтамын», – дейді «Халық алғысы» медалімен марапатталған полиция аға лейтенанты Бауыржан Нысанқұлов.

    қатысты посттар

    Шымкентте дәрі-дәрмек тапшылығын жою үшін жұмыстар жүргізілуде

    Фариза

    ШЫМКЕНТ: «Абай сөзі» онлайн-оқулары өз мәресіне жетті

    Фариза

    Таразда «Анаға тағзым» орталығы ашылды

    Фариза

    Пікір қалдыру

    15 + 15 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.