15 C
Алматы
Жексенбі, 5 Мамыр 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Аймақтар

    Қызылордада төтеншеліктер қысқа дайындықты пысықтады

    Қызылордалық төтеншеліктер қысқа дайындық жұмыстары қарқынды жүргізіліп жатқанын мәлімдеді. Яғни, төтенше жағдайлардың алдын алу, халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында «Қыс – 2020» республикалық штабтық жаттығу іс-шаралары өткізілуде. Штаб департаменттің ахуалдық орталығында құрылды. Жедел штаб мүшелері облыстағы 13 жылыту пунктін және 22 зардап шекендерді қабылдау орнының дайындығын тексерді.

    «Бүгінде авариялық-құтқару қызметкерлері әзірлікті арттыру мақсатында арнайы жаттығулар өткізді. Практикалық жаттығуға 39 адам қатысты және 14 техника, 1 тікұшақ жұмылдырылды. Жаттығу барысында төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі облыстық комиссияның және эвакуациялық комиссияның құрамы нақтыланды. Сондай-ақ, қысқы кезеңдегі төтенше жағдайларға жедел ден қою жоспары бекітілді. Алдағы уақытта, авариялық-құтқару қызметтерінің бөлімшелерінде жанар-жағармай материалдарының, азық-түліктің пен медициналық мүліктің болуын қадағаланады», – деді облыстық ТЖД бастығының орынбасары Саид Молдақараев.

    қатысты посттар

    ШЫМКЕНТ: 10 ЕЛДІМЕКЕН САПАЛЫ ЭЛЕКТР ЭНЕРГИЯСЫНА ҚОСЫЛАДЫ

    Фариза

    Жамбылские аграрии работают над обеспечением продовольственной безопасности

    Фариза

    ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІК ЖҮЙЕСІНІҢ ЖАҢА КОНЦЕПЦИЯСЫ

    Фариза

    Пікір қалдыру

    6 − three =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.