-4.1 C
Алматы
Воскресенье, 24 ноября 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Аймақтар

    Қызылорда: Тасбөгет кенті адам танымастай өзгеруде

    Қызылорда қаласының Тасбөгет кентінде «Жұмыспен қамтудың 2020-2021 жылдарға арналған жол картасы» бағдарламасы аясында 3 көшеге күрделі жөндеу, 1 көшеге орташа жөндеу қолға алынса, кенттің жаңадан қалыптасып келе жатқан аумағындағы 15 көшеге малта тас төсеу жұмыстары жүргізілуде.

    Кенттің көшелерін жарықтандыру жұмыстарына да аса мән берілген. Биыл 4 көшеге жарық бағаналарын орнату жұмыстары жүргізілуде. Жалпы, кентте 23 көшеге барлығы 957 дана көше жарығы орнатылған.

    Бұдан бөлек қоныстанушы жеке үйлерді жаңадан электр желілерімен қамту мақсатында кенттің шет аймақтарындағы 4 көшеге электр бағаналары орнатылуда.

    Тұрғындардың ерекше сұранысына ие кентті спорт алаңдарымен қамтуда сәтті жүзеге асырылуда. Бұл мақсатта «Жұмыспен қамтудың 2020-2021 жылдарға арналған жол картасы» аясында кенттің орталығынан заманауи стритбол алаңы бой көтерді.

    Кент аумағынан жаңа бейіт салу мәселесін көтеріп жүрген кент тұрғындары үшін бүгінгі күні жаңа бейіттің құрылыс алаңын әзірлеу жұмыстарының бастау алуы да игі істердің бірі.

    Сонымен қатар, биыл кентке қарасты Сабалақ саяжайына да ерекше көңіл бөлініп отыр. 2020 жылы облыстық бюджеттен қаралған қаржыға қалалық электр тарату торабы арқылы Сабалақ өңіріндегі «Медик», «Монолит», «Қаржыгер», «Обувщик», «Мелиоратор», және «Дорожник» бау-бақша серіктестігіне 6 дана трансформатор, сонымен бірге 17,6 шақырымға 488 дана электр бағаналары орнатылу жұмыстары жүргізілуде.

    2018 жылы Сабалақ өңірін ауыз сумен қамту мақсатында әзірленген жобаның І кезеңі жүзеге асырылып, ұзындығы 17,0 шақырым болатын су құбыры жүргізілсе, биыл жобаның ІІ кезеңі аясында ауыз су құбырын әрбір үйге тарту үшін жұмыстардың алғашқы сатылары бастау алуда.

    Тасбөгет кентінің әкімі Семсер Сыздықов кенттегі соңғы 2-3 жыл көлемінде атқарылған жұмыстарға қалың жұрттың ризашылығын білдіре отырып, алдағы уақытта да кентті дамытуға бағытталған жоспарлы жұмыстар қала әкімінің қолдауымен өз жалғасын таба беретінін жеткізді.

    қатысты посттар

    Б. Сапарбаев: Спорт нысандары демалыс күндері де ашық болуы тиіс

    Фариза

    Б. Сапарбаев: Халқымыздың басты байлығы – тұрақтылық пен келісім

    Фариза

    ШЫМКЕНТ: ДЕНДРОСАЯБАҚҚА 81 ТҮРЛІ ЖАҢА АҒАШ КӨШЕТТЕРІ ОТЫРҒЫЗЫЛДЫ

    Фариза

    Пікір қалдыру

    eight + sixteen =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.