20.1 C
Алматы
Воскресенье, 24 августа 2025
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Аймақтар

    Қызылорда облысында тұрақты табысынан айырылған 10 мың адам жұмыспен қамтылды

    Қызылорда облысында пандемия кезінде тұрақты табысынан айырылған 10 мыңға жуық тұрғын «Жұмыспен қамтудың жол картасы» аясында жұмыспен қамтылды. Бұл туралы облыс әкімінің орынбасары Наурызбай Байқадамов мәлімдеді.

    «Әрине, бұл халықтың тұрмыс тіршілігін түзеуге арналған жоба. Төтенше жағдай кезінде табысынан айырылған 500 мың адамға 42500 теңге жәрдемақы төленді. 70 мыңға жуық жекелеген санаттағы азаматтарға азық-түлік және тұрмыстық жиынтығымен қамтамасыз ету үшін 5567 теңгеден әлеуметтік төлем төленді. Аймақтық «Birgemiz Qyzylorda» қоры арқылы 24 мыңнан аса отбасына 50 мың теңгеден бір реттік көмек берілді. 12 мыңнан аса отбасына 1 млрд. теңгеге қайырымдылық көмек көрсетілді. Осы кезеңдерде әлеуметтік қорғау жүйесінің қызметкерлері үздіксіз 24 сағат жұмыс жасап, тұрғындардың сұрақтарына жауап берді», – дейді облыс әкімінің орынбасары.

    Жалпы, жыл басынан 17 466 жаңа жұмыс орны ашылды. Оның 12 679-ы тұрақты. «Еңбек» бағдарламасына 27 мыңнан астам азамат тартылды.

    қатысты посттар

    Алматы облысы бойынша ҚАЖ департаменті және ЛА-155/4 мекемесі басшылығы Ұлы отан соғысының тыл еңбеккерін, Ауған соғысының және Тәжік-ауған шекарасындағы соғысқа қатысқан интернационалист-жауынгерлерін 9 – мамыр Ұлы Жеңіс күнімен құттықтады

    Фариза

    Шымкентте қоғамдық көліктерді залалсыздандыруға бригадалар жұмылдырылуда

    Фариза

    ШҚО-да атаулы әлеуметтік көмектің жаңа форматына қатысты жұмыстар атқарылуда

    Пікір қалдыру

    one × 3 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.