17 C
Алматы
Жұма, 17 Мамыр 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Аймақтар

    Қызылордада емханалар жанынан бастапқы денсаулық орталығы ашылды

    Қызылорда қаласындағы 4 емхананың жанынан бастапқы психикалық денсаулық орталығы ашылып, қызмет көрсетуде.

    «Негізгі мақсат – тұрғындарға психикалық көмектің қолжетімділігін арттыру, стигматизацияны болдырмау, адам денсаулығына қауіпті диагнозды бастапқы кезеңінде анықтап, бекітілген алгоритм бойынша қажет болған жағдайда психиатр мамандарға жолдама беру. Орталықтарда ем алушыларға тегін дәрі мен психологиялық кеңес беріледі», – деді облыстық психикалық денсаулық орталығы бас дәрігерінің емдеу ісі жөніндегі орынбасары Гүлайым Сейлханова.

    Бүгінде облыстық психикалық денсаулық орталығында 665 төсек орындық стационар жұмыс жасайды. Оның 255-і наркологиялық стационарға тиесілі. Наркологияда сот үкімімен, мәжбүрлі түрде ем алушыларға арналған 100 орындық бөлімше бар. Сондай–ақ, анонимді түрде ем алғысы келетін азаматтарға «Ақылы» бөлім қызмет көрсетеді. Орталықта жыл сайын 1500-ға жуық науқас ем қабылдайды.

    қатысты посттар

    Қызылордада «Ауыл – ел бесігі» жобасы аясында 62 жоба іске асырылуда

    Фариза

    Шымкентте жаңа оқу жылы абай өлеңін оқумен басталды

    Фариза

    «Тараз және түркі өркениеті» атты халықаралық конференция өтті

    Фариза

    Пікір қалдыру

    18 − 11 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.