15 C
Алматы
Жұма, 17 Мамыр 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Аймақтар

    Қызылорда қаласында көпқабатты тұрғын үйлер қайта жаңғыртудан өтті

    Қазіргі таңда Қызылорда қаласында тұрғын үй коммуналдық шаруашылықты жаңғыртудың бағдарламасына сәйкес 32 көпқабатты тұрғын үйге күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.

    «Қала әкімінің басты тапсырмасы – сапаға мән беру. Әрі жұмыстарды уақытылы жүргізу. Тұрғын үйлерді күрделі жөндеуден өткізуші мердігер мекемелер берілген тапсырманы сапалы орындауда. Тұрғындарға қолайлы орта қалыптастыру мақсатында кей мекемелер жоба құжаттарында қаралмаған жұмыстарды өз жауапкершіліктеріне алған. Мәселен, көпқабатты тұрғын үй аулаларына орындықтар орнатып, ауланы қоршау жұмыстарын жүргізуде», – дейді қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімінің басшысы Б.Далабаев.

    Қолға алынған кешенді бағдарламаның міндеті жылумен, электрмен, сумен қамтамасыз етуші жүйелерді жаңғырту. Сонымен бірге жөндеу жұмыстары сыртқы қасбетін әрлеу, сырлау, шатыр жабынын жөндеу, подъезд іші жұмыстары, пластикті терезелер, домофонды есіктер орнату сынды жұмыстарды да қамтиды.

    Тұрғындар жарты ғасырдан соң жөндеуден өткен үйлердің қазіргі жағдайын айтып, қуаныштарын жеткізді.

    Жалпы Қызылорда қаласында 815 көпқабатты үй бар. Оның ішінде 426 көпқабатты тұрғын үй жөндеуді қажет етеді. «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғыртудың 2011-2020 жылдарға арналған» бағдарламасы аясында қаладағы 134 көппәтерлі тұрғын үйге күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілген. Бұдан бөлек 26 үйді жаңғыртудан өткізуге бюджеттік өтінім ұсынылған.

    қатысты посттар

    Таразда 45 отбасы баспаналы болды

    Фариза

    Атаулы әлеуметтік көмектің шарттары өзгеруі мүмкін

    Таразда түркі әлемінің әуені шырқалды (фото)

    Пікір қалдыру

    20 − 8 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.