-14.1 C
Алматы
Среда, 25 декабря 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Аймақтар

    Қызылорда облысында цифрлық сауаттылықты арттыру 5 түрлі бағытта дамуда

    Халық өмірін жеңілдетуде цифрлық қызмет көрсетудің орны бөлек. Сервистік қызметтер мен сауда саттықты онлайн форматта алу тұрғындардың уақыт шығынын азайтуға жол ашады. Бұл ретте «Цифрлы Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы қабылданып, кешенді жобалар жүзеге асуда.

    Облыстық цифрлық технологиялар басқармасы мамандары жүргізген зерттеуге сәйкес, өңір тұрғындарының сауаттылық деңгейі 80,1%-ға жеткен. Халықтың цифрлық сауаттылығын арттыру 5 түрлі бағытта дамуда. Цифрлық дағдыларды дамыту үшін сала мамандары халықтың файлдар мен папкалармен жұмыс істеу дағдыларын оқыту, түрлі мессенджерлерді, әлеуметтік желілерді, электрондық поштаны пайдалану дағдыларына оқытуды қамтиды. Ал, «Ашық үкімет» порталымен жұмыс жүргізу арқылы тұрғындар «Ашық деректер», «Ашық нормативтік-құқықтық актілер», «Ашық бюджеттер», «Ашық диалог» компоненттерін пайдалану, яғни ашық деректер жинағын қарау, түсінік беру, нормативтік-құқықтық актілерді қарай алады.

    Қызылорда облысында цифрлық сауаттылыққа оқыту курстары ақысыз негізде оқытылады. Өткен жылдары оқыту мектептер, колледждер және кітапханалар базасында жүргізілген. Сондай-ақ, ХҚКО мен Қазпошта қызметкерлері электрондық үкімет порталымен жұмыс істеу және электрондық сауда дағдылары бойынша оқыту курстарын өткізді. Өткен жылы, 26270 адам оқытудан өткізілсе, пандемия жағдайына сәйкес оқыту онлайн форматқа ауысқан. Карантин уақытынан бері digitalkz.kz сайты арқылы онлайн бағытта 15026 адам оқудан өтті.

    қатысты посттар

    Тауықтан да табыс бар

    Жамбылда 27 мыңнан астам жаңа жұмыс орны ашылды

    Фариза

    Жамбылда мемлекеттік-жекешелік әріптестік аясында көптеген мәселелер тиімді шешілуде

    Фариза

    Пікір қалдыру

    17 − 7 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.