17.8 C
Алматы
Воскресенье, 18 мая 2025
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Аймақтар

    ШЫМКЕНТ: ӘЛ-ФАРАБИ АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ 9 АЙДА АТҚАРЫЛҒАН ЖҰМЫСТАР ЖӨНІНДЕ ЕСЕП БЕРДІ

    Шымкент қаласы Әл-Фараби ауданында кәсіпкерлік саласықарқынды түрде дамып келеді. Атап айтқанда, биыл ауданаумағында 24 ірі кәсіпкерлік нысаны салынуда. Алғашқы 9 айда 13 нысанның құрылысы аяқталып, іске қосылған. 

    Бұл туралы Шымкент қаласының қала әкімі Мұрат Әйтеновке 9 айда атқарылған жұмыстар жөнінде есепберген Әл-Фараби ауданының әкімі Ғабит Мәуленқұлов баяндады. 

    Аудан әкімінің айтуынша, кәсіпкерлік нысандарының құрылысы кезінде және олар іске қосылғаннан кейін 548 адам жұмыспен қамтылған. Жалпы, осы нысандардың құрылысына 4 миллиард теңге инвестиция тартылды. 

    Бүгінде қалған 11 нысанның құрылысы жалғасуда. Олардың арасында орталық «Қырғы базар» мен «Дархан» базарынқайта жаңғырту жұмыстары бар. 

    «Дархан» базарындағы күрделі құрылыс жұмыстары 2020 жылы басталып, 2021 жылдың желтоқсан айында аяқталады деп жоспарлануда. Құрылыс жұмыстарына «Бизнестің жолкартасы – 2025» бағдарламасы аясында «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры арқылы 100 млн. теңге субсидия бөлінген.

    Есеп беру кезінде Ғабит Патшаханұлы қала әкіміне көпқабатты тұрғын үйлердің ауласын абаттандыру, тұрғын-үй коммуналдық шарауашылықты дамыту, жолдарды жөндеу, шалғай елді мекендерді көркейту және қысқы жылытумаусымына дайындық жұмыстары туралы баяндады.

    Г. ҚАПАЛ

    қатысты посттар

    Жамбылда жалпы сыйымдылығы 255,9 мың тоннаны құрайтын 236 қойма бар

    Фариза

    Қызылорда облысында тұрақты табысынан айырылған 10 мың адам жұмыспен қамтылды

    Фариза

    Б.Сапарбаев: Байзақтағы қаза тапқан марқұмдардың барлық несиелері өтелді

    Фариза

    Пікір қалдыру

    3 × 1 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.