16 C
Алматы
Бейсенбі, 25 Сәуір 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Аймақтар

    Шымкентте қантты күлше шығарылады

    Қаламыздағы ірі кәсіпорындардың бірі «Рахат-Шымкент» фабрикасы  қантты күлше шығаратын жаңа желісін іскеқосты. 

    Ашылу салтанатына қала әкімінің орынбасары АйбекСәттібаев, “Рахат” АҚ Басқарма төрағасы Константин Федорец қатысты.

    Жоба құны 3,2 млрд. теңгені құрайды. Оның ішінде 2,6 млрд.теңге «Даму Өндіріс»  жеңілдетілген несиелеубағдарламасы бойынша алынған.

    Аталған кәсіпорын өткен жылы сәуір айында Шымкент қаласының әкімдігі мен «Рахат-Шымкент» ЖШС арасындажасалған меморандумға сәйкес мармелад өндіретін жаңа желісін іске қосқан болатын. 

    Бүгінде фабрика  12 мың тонна қантты күлше және мармелад өндіреді. 

    Кәсіпорын заманауи құрал – жабдықтармен жабдықталған. Жоба аясында 130 адам тұрақты жұмыс орнымен қамтылды.

    Мемлекет тарапынан қолдау тауып, 180 млн теңге субсидия берілді. 

    Мармелад, қантты күлше және басқа да кондитерлікөнімдерін ТМД, Европа және Азия елдерінің нарығына шығарылады. 

    Г. ҚАПАЛ

    қатысты посттар

    Шымкент: Қаланың оңтүстік қақпасы мен Республика даңғылында күрделі жөндеу жұмыстары жүріп жатыр

    Фариза

    Шымкентте «Бекжан» базарынан өрт шықты

    Фариза

    Әкімдік өкілдері қасиетті “Тектұрмас кешені” маңын қоқыстан тазартты

    Пікір қалдыру

    three × 3 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.