-10.1 C
Алматы
Понедельник, 23 декабря 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Аймақтар

    МҰРАТ ӘЙТЕНОВ ӘЛ-ФАРАБИ АУДАНЫ ӘКІМІНІҢ 9 АЙДА АТҚАРҒАН ЖҰМЫСЫНА ОҢ БАҒА БЕРДІ

    Қала әкімі Мұрат Әйтеновке Әл-Фараби ауданының әкімі Ғабит Мәуленқұлов биылғы 9 айда атқарылған жұмыстар туралы есеп берді. Ғабит Патшаханұлы қала әкіміне инфрақұрылымның қалыптасуы, Жұмыспен қамтудың жол картасы аясында жүзеге асырылып жатқан жобалар туралы баяндады. Жиналысқа барлық қалалық басқармалардың басшылары қатысты.
    Ғ.Мәуленқұловтың айтуынша, ауданда көпқабатты үйлердің аулаларын абаттандыру, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын дамыту, жолдарды жөндеу, шалғайдағы елдімкендерді абаттандыру және қысқы жылыту маусымына дайындық бойынша бірқатар жұмыстар атқарылды.
    Кемшіліктер де жоқ емес. Ауданда өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда ауыр қылмыстар саны артқан.
    Қала әкімі Әл-Фараби ауданында жүргізіліп жатқан жұмыстарға оң баға бере отырып, салық жинау мәселесіне тоқталып өтті. Мұрат Әйтенов тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы басшысына қоқыс тазалау кестесіне қатысты ескерту жасады.
    Сондай-ақ, жиында М.Әйтенов бүгінгі күннің басты мәселелерінің бірі — құрылыс мәдениетіне тоқталды. Жолдарды қайта құру, құрылыс нысандарын салу кезінде тәртіпке, жинақылыққа назар аудару керек. Жауапты мекемелер осыны есте ұстауы керек.
    Биыл Шымкент қаласы Әл-Фараби ауданына қарасты «Бадам» шағын ауданын (195 орам) сапалы электр жарығымен қамтамасыз етуге бюджеттен 253 млн. теңге қаралды. Бұл қаржыға «Омега Строй» ЖШС-і тарапынан 10/0,4 кВ электр желілерінің құрылыс-монтаж жұмыстары орындалды. Бүгінде нысан құрылысы толығымен аяқталып, тұрғындардың игілігіне берілді. «Бадам» шағынауданын ауыз сумен қамтамасыз етуді мердігер мекеме «Сарыағаш Аман» ЖШС-і мамыр айында бастады. Нысан құрылысын жыл соңына дейін аяқтау жоспарлануда.
    Сондай-ақ, 195 орамды табиғи газбен қамту жұмыстарын мердігер мекеме «Комби Строй 1» ЖШС-і атқаруда. Ал «Сәуле» шағынауданын инженерлік-инфрақұрылыммен қамтамасыз ету үшін жобалық-сметалық құжаттама әзірленуде. Осы мақсатта «МПК-ПРОЕКТ» ЖШС-імен келісім-шарт түзілген.
    Жалпы Әл-Фараби қаланың орталық ауданы болғандықтан ауыз су, табиғи газ және электр қуатымен қамту көрсеткіші 99,7 процентті құрап отыр.

    Ф. Жандар

    қатысты посттар

    Шымкентте shymkent bike велостанциясы қайта іске қосылды

    Фариза

    Жамбыл облысы мүгедектерді оңалту бағдарламасының орындалуы бойынша бірінші орында тұр

    Фариза

    Шымкент: Қала әкімінің бірінші орынбасары этномәдени бірлестік өкілдерімен кездесті

    Фариза

    Пікір қалдыру

    3 × 3 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.