-10.1 C
Алматы
Понедельник, 23 декабря 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Жаңалықтар

    Қызылорда облысында «Дипломмен ауылға» жобасы аясында 372 маманға жеңілдетілген тұрғын үй несиесі берілген

    Ауылдық жерлердегі маман тапшылығын жойып, елді-мекендердің әлеуетін арттыруға бағытталған «Дипломмен ауылға» жобасының жыл өткен сайын маңыздылығы артып келеді. Аталған жоба бойынша жолдама берілетін мамандықтардың қатары 2015 жылдан бастап агроном, ветеринариялық дәрігер, ветеринариялық фельдшер, ветеринариялық техник, зоотехник, инженер-технолог, балық өсіруші, технолог, фермер мамандықтарымен толықты. «Дипломмен ауылға» жобасымен елді-мекендерге жұмысқа орналасқан жас мамандарға берілетін қаржы да жыл өткен сайын өсіп келеді.

    Жоба аясында ауылдық жерге жұмысқа орналасқан әрбір азаматқа 100 айлық есептік көрсеткішке тең бір жолғы көтерме жәрдемақы төленеді. Сонымен қатар, тұрғын үй салуға немесе сатып алу үшін 1500 АЕК-тен аспайтын 15 жылға дейінгі мерзімге 0,01 пайызбен несие түрінде әлеуметтік қолдау көрсетіледі.

    Қызылорда облысында өткен 2019 жылы «Дипломмен ауылға» жобасы аясында ауылдық елді-мекендерге жұмысқа орналасқан білім, денсаулық сақтау, мәдениет, спорт, әлеуметтік қамсыздандыру, агроөнеркәсіптік кешен салаcындағы 422 маманға бір жолғы көтерме жәрдемақы төлеуге 73,8 млн. теңге, жеңілдетілген несиемен тұрғын үй алуға немесе салуға 503 маманға 1 млрд. 905 млн. теңге берілген.

    Ал, 2020 жылға 501 маманға бір жолғы көтерме жәрдемақы төлеуге 126,8 млн. теңге, жеңілдетілген несиемен тұрғын үй алуға немесе салуға 544 маманға 2 млрд 250 млн. теңге бөлінген. Қазіргі таңда 392 маманға 107,1 млн. теңге көлемінде бір жолғы көтерме жәрдемақы табысталған. Тұрғын үй салуға немесе сатып алуға өтініш берген 372 жас маманға 1 млрд 481 млн. теңге несие түрінде әлеуметтік қолдау көрсетілді.

    Жобаға енгізілген соңғы өзгертулерге байланысты «Дипломмен ауылға» жобасы аясында елді-мекенге жұмысқа орналасқан азаматтар бұрынғысынша ата-анасы немесе жақын туыстарының үйін сатып ала алмайды. Сонымен қатар, мамандар кредиттік бюродан несие тарихын ұсынады және кез-келген несие бойынша берешегі болған жағдайда оларды толық өтегенге дейін тұрғын үй сатып алуға немесе салуға жеңілдетілген несие берілмейді. Әлеуметтік қолдау шаралары ұсынылған маман елді-мекенде кемінде 3 жыл жұмыс істеуге міндеттеледі.

    қатысты посттар

    «Жағдай қиын»: коронавирустық стационарда түсірілген видео әлеуметтік желіде тарады

    Фариза

    «Дабылдың «қызыл» деңгейін жариялады». Қытайда супертайфун орын алды (видео)

    «Қазақстан Темір Жолы» Ұлттық компаниясы» Акционерлік қоғамның — «Магистралды жол тораптарының Шымкент бөлімшесі» филиалына қатысты жоспардан тыс тексеру жүргізілді

    Фариза

    Пікір қалдыру

    three × five =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.