15 C
Алматы
Бейсенбі, 25 Сәуір 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Жаңалықтар

    Екі пайыздық ипотеканың қай күні іске асырыла бастайтыны айтылды

    Еліміздің азаматтары асыға күтіп жүрген екі пайыздық ипотека азаматтарға 20 маусымнан бастап қолжетімді болмақ. Аталған жоба бойынша қазақстандықтар екінші деңгейлі пәтерлерді ғана емес, жаңа тұрғызылған үйлердегі пәтерлерді немесе жеке үй де ала алады.

    Бұл мемлекеттік “Бақытты отбасы” бағдарламасының аясында қазақстандықтарға берілетін мүмкіндік, деп хабарлайды Qazweek.kz ақпарат агенттігі Экспресс К порталына сілтеме жасап.

    Екі пайыздық несие азаматтардың үш тобына қолжетімді болмақ. Бұлар: толық емес отбасы, мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған отбасы және көпбалалалы отбасылар.

    “Ипотека шарттары өзгеріссіз қалған. Несие алуға үмітті азаматтар пәтердің немесе үй құнының 10 пайызын алдын-ала төлеуге тиіс. Негізгі төлемнің мерзімі 2 пайыз өлшемін ескергенде 18 жылмен шектеледі. Несие алуға үмітті азаматтардың жергілікті атқару органдарында кезекте тұруы шарт”, — делінген “Отбасы банкінің” баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.

    “Бақытты отбасы” бағдарламасы үшін 50 миллиард теңге бөлінген. Ипотека алу үшін өтінішті банктің ресми сайты арқылы жіберуге болады.

    “Дайындық үшін әлі уақыт бар. Азаматтарға несие шарттарымен мұқият танысып алған дұрыс. Себебі табыс көлемі мен несие сомасына қатысты шектеулер болады. Сонымен қатар, барлық құжаттардың дайындығы мен дұрыстығын және өз кезегіңіздің ретін пысықтап алу керек”, — делінген аталған ақпаратта.

    “Бақытты отбасы” бағдарламасы бойынша ипотека алуға үмітті Алматы, Нұр-Сұлтан, Ақтау, Атырау мен Шымкент тұрғындар үшін қолжетімді сома — 15 миллион теңге. Ал қалған қалалардың тұрғындары банктен тек 10 миллион теңге ала алады.

    қатысты посттар

    Алматыдағы атақты базар мемлекетке қайтарылады 

    ҚЫЗЫЛОРДАДА 81633 АДАМ БІРЖОЛҒЫ ТӨЛЕМ АЛДЫ

    Фариза

    Алматыда жаппай тәртіпсіздік кезінде ұрланған қару-жарақ табылды

    Фариза

    Пікір қалдыру

    sixteen + six =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.