-0.1 C
Алматы
Пятница, 22 ноября 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Жаңалықтар

    Қызылордада экономикалық және бюджеттік саясат мәселелері жөнінде кеңес өтті

    Гүлшара Әбдіқалықованың төрағалығымен Қызылорда облысының 2021-2023 жылдарға арналған экономикалық және бюджеттік саясат мәселелері жөнінде кеңес өтті.
    Кеңесте өңірдің орта мерзімді кезеңге арналған экономикалық және бюджеттік саясатын іске асырудың негізгі міндеттері мен жолдары айқындалды.

    «Коронавирустық пандемия нәтижесінде қиындықтардан өтудеміз. Таяудағы бірнеше жыл қоғамның барлық салаларына, экономика мен бизнеске әсер ететін салдармен бетпе-бет кездесеміз. Сондықтан, бүгінгі таңда мемлекеттік бюджеттік жоспарлаудың барынша тиімді саясатын қамтамасыз ету бұрынғыдан да маңызды», – деді облыс әкімі.

    Алғаш рет 2021 жылға арналған бюджет жобасы ешқандай қарыздарсыз бекітілетін болады. Бұл мақсаттарға 27,6 млрд. теңге, оның ішінде барлық өтпелі инвестициялық жобаларды аяқтауға, республикалық бюджеттен іске асырылатын жобаларды қоса қаржыландыру бойынша толық жабуға, облигациялық бағалы қағаздарды шығаруға және т. б. бағыттау көзделуде.

    Бүгін 2021-2023 жылдарға арналған облыстық бюджет жобасы қалыптастырылды, ол облыстық мәслихаттың қарауына ұсынылатын болады.

    Облыста қызмет түрлері бойынша сараланатын агломерациялық тәсіл негізінде 2023 жылға дейінгі экономикалық даму жоспары әзірленді. Жоспар аясында бизнеске жалпы сомасы 270 млрд.теңгеден асатын 265 жобаны іске асыру ұсынылды. Бүгінде олардың 59 іске асырылды, 50 жуығы жұмыс үстінде.

    Облыс әкімі мемлекеттік бағдарламалардың мүмкіндіктерін тиімді пайдалану маңызды екенін атап өтті. Бұл ретте мемлекеттік қолдауды шығынсыз, бәсекеге қабілетті және технологиялық жобаларға, бизнесті қайта өңдеуге бағыттап, өнімді өткізудің өркениетті нарықтарын жолға қою қажет.

    «Өңірдің азық-түлікпен және ең қажетті тауарлармен өзін-өзі қамтамтуын қамтамасыз ету қажет», – деп атап өтті Г.Әбдіқалықова.

    Мемлекеттік қолдау шағын және орта бизнесті дамытып, кәсіпкерлік субъектілерінің қызмет сапасын жақсартуға бағытталатын болады.

    Өңірдің ресурстық әлеуетін, сондай-ақ мемлекеттік бағдарламалардың кешенді құралдарын тиімді пайдалану арқылы бәсекеге қабілетті экспортқа бағдарланған өндірістерді дамытуға баса назар аудара отырып, өңірді индустрияландыру жалғасады. Ірі өндірістердің айналасында ілеспе бизнес құру мүмкіндігі қаралады, сондай-ақ өнеркәсіптік өңдеудегі жаңа бағыттар айқындалады.

    Экономикалық саясаттың басты басымдықтарының бірі өсімдік шаруашылығы мен әсіресе жайылымдағы мал шаруашылығын дамыту болып табылады.

    Бүгінгі күні 9 млн. гектардан астам жайылымдық алқаптар пайдаланылмайды, оның 7 млн.гектарында жайылымдық мал шаруашылығын дамыту үшін талап етілетін 2500-ге жуық құдықтар, ұңғымалар және басқа да сумен жабдықтау көздері бар.

    Облыс әкімі жайылымдардағы ұңғымалар мен құдықтарды қалпына келтіру мәселесін шешуді тапсырды, бұл мал мен мал шаруашылығы өнімдерінің санын едәуір арттыруға, тауарлардың осы тобы бойынша азық-түлік тәуелсіздігін қамтамасыз етуге және жұмыс орындарын құруға мүмкіндік береді.

    Суармалы сумен байланысты жыл сайынғы проблемаларды ескере отырып, бірқатар су қоймаларын салу мәселесін пысықтаумен қатар, ауыл шаруашылығы өндірісін, әсіресе егіншілікті әртараптандыру бойынша ғылыми негізделген ұсыныстар енгізу, ылғал көп тұтынатын дақылдардың егіс алқаптарын азайту және оларды ылғал аз жұмсалатын түрлеріне ауыстыру бойынша жұмыс жүргізу тапсырылды.

    Бүгін облыста Премьер-Министрдің тапсырмасы бойынша балық шаруашылығын дамыту жөніндегі өңірлік бағдарламаның жобасын әзірлеу аяқталуда. Оны жүзеге асыру үшін облыс әкімі 2021 жылға арналған облыстық бюджетте 1 млрд.теңге қарастыруды тапсырды. 2030 жылға дейін жабық сумен жабдықтау жүйесінде 55 көл-тауарлы балық шаруашылығын, 9 тоған, 4 тор шаруашылығын және 3 акваөсіру өндірісін құру жоспарлануда.

    Өңір басшысы ағымдағы жылы бекітілген ветеринарлық мекемелердің маттехбазасын нығайту жөніндегі үш жылдық бағдарламаны 2022 жылға дейін іске асыруды тапсырды.

    Аумақтық дамудың негізгі басымдығы өңірдің әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылым объектілерімен тең қамтамасыз етілуі болып айқындалған. Осыған байланысты құрылыс, қайта жаңарту және жолдарды жөндеу салаларындағы жобаларды іске асыру тізбесін бекіту мүмкіндігін қарастыру, жылу, электр, су және газбен жабдықтау саласында бірыңғай Жол картасын әзірлеу, сондай-ақ ауылдық елді мекендерді дамыту жөніндегі іс-шаралар кешенін дайындау тапсырылды.

    Цифрлық ғасырдың талаптарын ескере отырып, облыс әкімі 2021 жылдың 1 тоқсанынан кешіктірмей Қазақстан Республикасының ақылды қалаларының Эталондық стандарты талаптарының негізінде цифрландыруды дамытудың өңірлік стратегиясын әзірлеуді тапсырды.

    2020 жылдың 1 жартыжылдығының қорытындысы бойынша біздің облыс ҚР ақылды қалаларының Эталондық стандартының талаптарына сәйкес 5-ші орынға ие болды.

    Сондай-ақ қорғаныс және қоғамдық тәртіп салаларындағы экономикалық және бюджеттік саясаттың негізгі бағыттары қаралды.

    «Бізде өңірдігі ықтимал су тасқынына қарсы, сондай-ақ төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою жөніндегі іс-шараларға дайындау жөніндегі іс-қимыл алгоритмі әзірленуге тиіс», – деді облыс әкімі.

    Облыс әкімі алдағы 3 жылда халықтың қауіпсіз және жайлы өмір сүруі бойынша іс-шараларды жүзеге асыруды тапсырды. Атап айтқанда, учаскелік полицейлердің рөлін күшейтуге, полицияны қажетті жабдықтармен: жылдамдық өлшегіштермен, автокөлікпен, бейнебақылау камераларымен және т. б. қамтамасыз етуге баса назар аударылды.

    Адами капиталды дамытудың маңызды факторы білім беру болып табылады.

    «Оқыту бағдарламаларын өзгертіп, оларды уақыт талаптарына сәйкестендіру керек. Оқу орындарының міндеті-тұрақты негізде қандай қажеттіліктер туындайтынын және олардың белгілі бір уақыт кезеңінде қалай өзгеретінін талдау, болжау және осы қажеттіліктер үшін жаңа мамандықтар ашу. Осыған байланысты еңбек ресурстарының Теңгерімін өзектендіру қажет», – деді облыс әкімі.

    Пандемия кезінде өңірдің басынан өткен қиындықтарды ескере отырып, өңірдің дәрі-дәрмектермен, төсек-орындармен қамтамасыз етілуін, медициналық қызметкерлердің толық, ғимараттардың дайын болуын және т. б. егжей-тегжейлі зерделеу тапсырылды. Денсаулық сақтау саласының инфрақұрылымын дамыту мәселесі де көтерілді. Өңірде аудандық орталық ауруханаларды салу мәселесі шешілді. Соңғысының құрылысы Жалағаш ауданында ағымдағы жылдың соңына дейін аяқталады.

    «Енді бізге алғашқы медициналық-әлеуметтік көмек көрсету нысандары мәселесін шешу керек. 2021-2024 жылдары бізге МСАК-тың 62 объектісін жаңарту қажет, бұл бастапқы медициналық-санитариялық көмек объектілері бойынша да мәселені толық жабады», – деді Г.Әбдіқалықова.

    Өңір басшысы сондай-ақ әлеуметтік қорғау саласын дамыту жөнінде бірқатар тапсырма берді. Қызылордадағы «Бақытты отбасы» жобасының оң тәжірибесін ескере отырып, оны облыстың барлық аудандары мен Байқоңыр қаласында қолдану тапсырылды.

    «Біз әлеуметтік қызмет көрсетуді өтініш беру арқылы ғана емес зерттеу жұмыстарымен анықтауымыз керек. Себебі шын мұқтаж жандар назардан тыс қалмауы қажет», – деп атап өтті облыс әкімі.

    Сонымен қатар, тапсырмалардың ерекше бөлігі мүгедектігі бар адамдармен жұмысты жетілдіру болды. Әлеуметтік кәсіпкерлікті дамыту арқылы мүгедек адамдарды жұмыспен қамтуға тарту, инватакси қызметтерімен қамтуды арттыру және қол жетімділік мәселелерін пысықтау тапсырылды. Облыстың медициналық-әлеуметтік мекемелерінің жұмысы да талқыланды.

    Мәдениет және спорт саласы мәселелері қаралды. Қаражаттың тиімді жұмсалуына назар аудара отырып, мәдениет және бұқаралық спорт нысандарын дамытуға ерекше назар аудару тапсырылды.

    Өңірлік саясатты іске асыруды мемлекеттік органдар, бизнес-сектор және азаматтық қоғам қамтамасыз етеді.

    Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес биылғы жылы мемлекеттік аппарат 10%-ға және 2021 жылы 15%-ға оңтайландырылатын болады. 2021 жылғы 1 шілдеден бастап еңбекке ақы төлеудің факторлық – балдық шкаласын енгізу мемлекеттік қызметке бәсекеге қабілетті мамандарды тартуға мүмкіндік береді.

    Кеңес соңында облыс әкімі Г. Әбдіқалықова бюджет қаражатының тиімді әрі мақсатты пайдаланылуын қамтамасыз етуді, сондай-ақ қаржылық тәртіпті қатаң сақтауды тапсырды.

    қатысты посттар

    ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНДА 3 ӨНДІРІС ОРНЫ ІСКЕ ҚОСЫЛАДЫ

    Фариза

    «Нұрлы жер»: Аралда су айдау насостық станциясы салынуда

    Фариза

    Бык насмерть забил рыбака

    Фариза

    Пікір қалдыру

    18 + 4 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.