-13.1 C
Алматы
Вторник, 24 декабря 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Аймақтар

    ШЫМКЕНТ: Жолақы: картамен – 70 теңге, әйтпесе 100 теңге…

    Шымкентте 15 қазаннан бастап қоғамдық көліктердеэлектронды төлем жүйесі енгізіледі. Бұл туралы қалаәкімінің орынбасары Мақсұт Исахов мәлімдеді. Айтуынша, бұл жүйенің енгізілуі осы тасымал саласындағы көлеңкелібизнесті жоюға сеп болады екен.

    – Қалада қоғамдық көліктерде электронды төлем жүйесіненгізу 15 қазанда іске қосылады. Бұл жүйеге 1 қарашадатолық көшеді. Жолаушылар сол уақытқа дейін қолма-қолжәне төлем карталарын қолданып, жолақысын төлейді. Ал 1 қарашадан бастап дифференциалды тариф енгізілмек. Бұлдегеніміз – карта арқылы төлейтіндер 70 теңге төлесе, қолма-қол ақшамен төлейтіндер 100 тг төлейді. Бүгінгітаңда 350-ге жуық автобусқа стационарлы құрылғықойылды. Алдағы уақытта бұл жүйемен 700 қоғамдықкөлікте жолақы үшін есеп айырысуға болады. Осылайша, әрбағыттың тиімділігін анықтап, тасымалдаушылардыңкөлеңкелі бизнесін тоқтатуға мүмкіндік аламыз,-дейді қалаәкімінің орынбасары.

    Электронды төлем жүйесін енгізуді «QazSmartTrans» компаниясы жүзеге асырып отыр. Әкім орынбасарыныңсөзінше, бұл жобаға мемлекет қаржысы жұмсалмайды.

    Аталған компания төлем карточкаларының бірнеше түріншығарыпты.

    Біріншісі – стандартты. Бұл карталарды кез-келген жолаушыпайдалана алады. Екінші түрі – оқушыларға, үшіншісі – студенттерге арналады. Төртінші карта – әлеуметтікжеңілдік картасы болады. Оны автобустарда тегін жүретінсанаттағы азаматтар пайдаланады. Ұлы Отан соғысыардагерлеріне, Алтын алқа,

    Күміс алқа иелеріне, зағип жандар тегін жүреді. Жеңілдіккартасын алу үшін сол санатқа жататын адамдар Халыққақызмет көрсету орталықтарына барып тіркелуі қажет. Оларбұл картаны тегін алады. Мұндай жеңілдік қаралмаса да электронды төлемде түрлі құйтырқылық жасайтындар 2 АЕК көлемінде айыппұл төлейді екен.

    – Құны 500 теңге тұратын төлем карталарыныңжолаушылар үшін тиімділігі мол. Автобуспен ұдайықатынайтындар үшін түрлі жеңілдіктер бар. Мәселен, бірсағат ішінде екі автобусқа отыратын болсаңыз, бір автобустажүру тегін түседі. Карточкада ақшаңыз таусылып қалса да алаңдамайсыз. Себебі, электронды төлем жасаудың бірнешежолы қарастырылған. Банк қосымшалары арқылы жәнеQiwi кошелекпен картадағы ақшаны толтыруға болады. QR код арқылы төлем жасау мүмкіндігі де қаралған,- дейді«QazSmartTrans» ЖШС директоры Сержан Ақылбаев.

    Айта кетейік, төлем карталары қаладағы 3000-нан астамдүкенге таратылады. Электронды төлем жүйесіне қатыстыбарлық қосалқы ақпаратты Open Shymkent мобильдіқосымшасынан білесіз.

    Альтернативті жүйенің тиімділігі оқушылардың қайбағытта, қандай көлікпен кетіп бара жатқанын ата-анасыбақылап отыра алады екен.

    Жобаны жүзеге асырушы «QazSmartTrans» ЖШС бұлжобаны іске асыруға 1 млрд теңге жұмсаған. Сөздерінше, қайтарымы бүгін-ертең болатын жоба емес. Кемі 5-6 жылдаөзін-өзі ақтап, табыс әкеле бастайды. Десе де демеушілер«бастысы қаражат емес, көрсеткіш» деп отыр.

    Бүгінгі танда, жүйені енгізу үшін көлік компанияларыменшарт жасалды. Автобустарға валидаторларды орнатужұмыстары жүргізілуде. Сонымен қатар, смартфон пайдаланушыларына арналған «Open Shymkent» мобильдікқосымша әзірленді. Тұрғындарға тиісті мәліметті беру үшін4 операторы бар CALL-орталығы ашылды. Тел нөмірі: 8 775 811 22 22.

    Бекітілген кестеге сәйкес 30 қыркүйекке дейін автобустарғавалидаторлар толығымен орнатылады.

    Мақсұт Исаховтың сөзінше, қоғамдық көліктердімодернизациялау жобасы бойынша, алдағы уақытта қалаішінде қатынайтын автобустардың бағыттары толығыменауысады. Қалада тағы 4 жолайырық салынады. Бұлқаладағы көлік кептелісін азайтуға септігін тигізеді екен. Нысандардың жобалық-сметалық құжаттамасы әзір. Қазір 2 жолайырықты салатын мердігерлер компаниялар да анықталған. Жолайрықтың бірін әйгілі BI Groupкомпаниясы жүргізеді. Келесі жылы тағы бір жолайрықпайдалануға беріледі. Жолайрық салу құрылысы 2024 жылға дейін жалғасады.

    Г. ҚАПАЛ

    қатысты посттар

    Қызылордада соңғы 10 күнде 60 той өткізу фактісі анықталды

    Фариза

    ШЫМКЕНТТЕ ҰСТАЗДАРДЫҢ ТАМЫЗ КЕҢЕСІ ӨТТІ

    Фариза

    Шымкентте жедел жәрдем қызметі толығымен цифрлық жүйеге көшті

    Фариза

    Пікір қалдыру

    9 − 1 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.