-14.1 C
Алматы
Вторник, 24 декабря 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Аймақтар

    РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ФОРУМДА ШЫМКЕНТТІК ЖАС ЭКОЛОГ ЖҮЛДЕЛІ ОРЫН АЛДЫ

    Нұр-Сұлтан қаласында «Табиғатты аяла» жасөлкетанушылар, экологтар мен табиғат зерттеушілерінің республикалық форумы онлайн-форматта  өтті. Білімалушыларды табиғатты қорғау қызметіне тарту, экологиялық мәдениеттілік пен  сауаттылыққа тәрбиелеу мақсатында ұйымдастырылған форумға  Шымкент қаласы атынан қалалық кезеңде жеңімпаз болған 6 оқушы қатысты. Бұл туралы қалалық білім басқармасының мамандарымәлімдеді.

    Жыл сайын республика көлемінде өткізілетін форум 6 номинация бойынша ұйымдастырылды. Олар: виртуалдысаяхат бойынша «Туған өлке тарихы» номинациясы, зерттеужобалары — «Жасыл экономика» номинациясы мен «Денсаулық және қоршаған орта» номинациясы, видеороликтер презентациясы  бойынша «Экоболашақ» номинациясы, экодизайнерлер бойынша «Жасыл оазистер» номинациясы мен «Жеңіс мамыры» — панно немесе коллаж байқауы.

    «Табиғатты аяла» форумның республикалық кезеңінің қорытындысының нәтижесінде №1 мамандандырылған IT лицей-интернатының оқушысы Әсеретбек Нұрасыл Нұрланұлы «Жасыл оазистер» номинациясы бойынша І-орынды иеленіп, ҚР БҒМ Республикалық қосымша білімберу оқу-әдістемелік орталығының I-дәрежелі дипломымен және бағалы сыйлығымен марапатталды. 

    Ал «Экоболашақ» номинациясы бойынша №89 IT мектеп-лицейінің оқушысы Борашева Сара Асанқызы ынталандырусыйлығын алды.

    Сонымен қатар, Шымкент қаласынан қатысқан топтың жетекшісі «Экология, өлкетану және туризм орталығы» КММ әдіскері Алагозова Салтанат ҚР БҒМ Республикалық қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығының алғыс хатымен марапатталды.  

    Г. ҚАПАЛ

    қатысты посттар

    Барлықтарыңызды бос орындар жәрмеңкесіне шақырамыз!

    Қала әкімі Радиациялық медицина және экология ҒЗИ ұжымына жаңа басшыны таныстырды

    Шымкентте алты айда 34,2 млрд. теңгенің құрылыс өнімдері өндірілді

    Фариза

    Пікір қалдыру

    4 × 5 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.