23 C
Алматы
Жексенбі, 19 Мамыр 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Аймақтар

    ШЫМКЕНТТЕГІ МӘДЕНИЕТ ҮЙІ РЕСПУБЛИКАДА ҮЗДІК ДЕП ТАНЫЛДЫ

    Қазақстан Республикасының Мəдениет жəне спорт министрлігінің ұйымдастыруымен өткен «Рухани Қазына – 2020» республикалық байқауында «Шымкент қалалықмәдениет үйі» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорыны «Үздік мәдениет үйі» номинациясы бойыншажеңімпаз атанды.

    Мəдениет жəне спорт министрі Ақтоты РайымқұловаҰлттық музейде байқау жеңімпаздарын марапаттады.  

    Әр номинация бойынша жеңімпаз ұжымға 1 000 000 теңге, әр номинация бойынша жеңген жекелей азаматқа 500 000 теңге табысталды. Жалпы номинация саны – 50.

    Биыл мəдениет пен өнер саласы қызметкерлері арасындабайқау елдегі эпидемиология жағдайын ескере отырып, алғаш рет онлайн форматта өтті.

    Қыркүйектің 28-30 аралығында қазылар алқасы барлықөтінімдерді қарады. Осымен үшінші рет өткен байқауғамемлекеттік музей, кітапхана, мәдениет үйлері мен ауылклубтарынан жалпы саны 259 өтініш түскен. Оның ішінде119 – кітапхана, 90 – мәдени ойын-сауық ошағы мен 50 – музей бар.

    Шымкент қалалық  мәдениет үйінде «Мәдени және бос уақытты өткізу жөніндегі қызметті ұйымдастыру», «Балалармен жұмыс», «Би ұжымы», «Эстрада және дәстүрліәртістер ұжымы» және «Шаруашылық-техникалыққамтамасыз ету» бөлімдері жұмыс атқарып келеді. Аталғанұйымға қарасты шалғай елді мекендерде орналасқан 5 мәдениет үйі мен  5 клуб бар.

    Г. ҚАПАЛ

    қатысты посттар

    Шымкент көшелерінде залалсыздандыру жұмыстары жалғасуда

    Фариза

    Шымкенттегі темір жол вокзалында сантиралық талап күшейтілді

    Фариза

    ШЫМКЕНТ: «МИНДАЛЬ ҚОСЫМША БІЛІМ БЕРУ» ПЛАТФОРМАСЫ АРҚЫЛЫ 700-ГЕ ЖУЫҚ ӨТІНІМ БЕРІЛГЕН

    Фариза

    Пікір қалдыру

    19 − 1 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.