11 C
Алматы
Вторник, 5 ноября 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Аймақтар

    Қызылорда қаласының Сабалақ елді мекеніне ауыз су жүйесі тартылады

    Қызылорда қаласына қарасты Сабалақ елді мекенінің тұрғындары бірнеше рет бұқаралық ақпарат құралдарында таза ауыз су мәселесін көтерген болатын.

    Бұл ретте, «Nur Otan» Қызылорда облыстық филиалында тиісті мемлекеттік органдар өкілдерімен, партиялық бақылау комиссия мүшелерімен аталған мәселе жан жақты талқыланды.

    Қызылорда қаласы әкімдігінің мәліметі бойынша 2019 жылы Сабалақ елді мекеннің ауыз су жүйесі құрылысына республикалық бюджеттен қаржы бөлініп, тендер жеңімпазы «Дәнекер» ЖШС-і мемлекеттік сараптаманың оң қорытындысын алған жоба-сметалық құжаттарға сәйкес 21 көшеге 21,02 км су құбырын жүргізіп барлығы 579,733 млн теңгеге жұмыстар атқарды.

    Биыл 2020 жылы қалған көшелеріне (2-ші кезеңге) толық ауыз су жүйелерін жүргізуге жоба-сметалық құжаттар дайындалып, мемлекеттік сараптаманың оң қорытындысы алынды. ЖСҚ бойынша Сабалақ елді мекенінің көшелеріне 581 млн теңгеге 44,5км сыртқы ауыз су жүйесі, тұтынушыларға дейін 22,7км құбыр тарту жұмыстары жүргізіледі.

    Қазіргі уақытта құрылыс-монтаж жұмыстарын жүргізуге қалалық бюджеттен 111 мың теңге қаралып, мемлекеттік сатып алу конкурсы аяқталып «Мелиоратор» ЖШС женімпаз аталды.

    Сабалақ елді мекенінің тұрғын үйлеріне су құбырын жеткізу сервистік желісін салуға бюджеттік өтінімді тиісті мемлекеттік органдарға жедел тапсыруға ұсыныс жасалды.

    Сабалақ елді мекенінің тұрғын үйлеріне су құбырын жеткізу сервистік желісі толық іске қосылғанға дейін таза сумен қамтамасыз ету бойынша балама жолдарын қарастыру ұсынылды.

    қатысты посттар

    Тұрақты кәсіп — ел берекесі

    Шымкент: «Шаңырақ» отбасы институтын қолдау орталығы ашылды

    Фариза

    Шымкент әкімдігінде шағын аудандарды сапалы интернетпен қамту мәселесі қаралды

    Фариза

    Пікір қалдыру

    two × 3 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.