Воскресенье, 7 декабря 2025
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Аймақтар

    ШЫМКЕНТ: МАЯТАС, ЕЛТАЙ, ТОҒЫС ТҰРҒЫН АЛАБЫНДАҒЫ КӨПІР ҚҰРЫЛЫСЫ ҚАРАШАДА АЯҚТАЛАДЫ

    Биыл Шымкент қаласының Еңбекші ауданындағы тұрғын алаптарда төрт көпірдің құрылысы жүргізіліп жатқанын хабарлаған едік. Бүгінде құрылыс барысы қарқын алған. Жаңа инфрақұрылым жүйесі аяқталуға таяды. Атап айтқанда, Маятас және Тоғыс тұрғын алаптарындағы Бадам өзені үстінен өтетін көпірді және Елтай тұрғын алабындағы көпірді жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Үш көпірдің құрылысына да «ЖБИ-С» ЖШС жауапты.

    Аудан әкімдігі мамандарының айтуынша, үш көпірдің құрылысы 15 қарашада аяқталмақ. Сондай-ақ, аудан аумағындағы Бадам-1 тұрғын алабында көпір құрылысы жүргізілуде. Аудан әкімдігі тұрғындарды инфрақұрылым жүйесін абаттандыруда туындаған уақытша қолайсыздықтарға түсіністік танытуға шақырады.

    Ф.Жандар

    қатысты посттар

    «Ұлы дала тарихы» атты облыстық көрмесі

    ШЫМКЕНТТЕ КӘСІПКЕРЛЕРГЕ ЖАҢА ФОРМАТТА ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТЕТІН КЕҢСЕ АШЫЛДЫ

    Фариза

    Шымкентте дератизация жұмыстары жүргізіліп жатыр

    Фариза

    Пікір қалдыру

    three + 10 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.