12 C
Алматы
Бейсенбі, 25 Сәуір 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Аймақтар

    ШЫМКЕНТ: ДЕНДРОСАЯБАҚ ЖАҢА КЕЙІПКЕ ЕНЕДІ

    Шымкент қаласындағы А.Асқаров атындағы дендрологиялық саябақ алдағы уақытта жаңа кейіпке енеді. Себебі мұнда абаттандыру жұмыстары жүргізіліп, вело және жүгіру жолақтары орнатылатын болады. Сондай-ақ, заманауи үлгідегі жарықшамдар қою да жоспарланған.

    Бұл жөнінде бүгін қалалық Құрылыс басқармасының басшысы Ербол Ахметов пен Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының басшысы Ахмет Татыбаев БАҚ-қа берген сұхбатында айтты. 

    ​Олардың айтуынша жаяу жүргіншілер аймағы мен веложүргізушілер аймағы бірыңғай стильге қосылып, тұрғындар үшін бұл қосымша демалыс орны болмақ екен. 

    ​Жобаның жалпы құны  458 миллион теңге. Жобаға сәйкес онда 2 жолақты 6 457 метр веложол, 3 жолақты 1164 метр болатын жүгіру жолы салынады. Сонымен қатар, саябақтағы гүлзарларды бөліп, жаңа орындықтар, жарықшамдар мен қоқыс жәшіктері орнатылады. Қылқан жапырақты және жапырақты ағаштар отырғызылып, көгалдандырылады деп күтілуде. 

    Айта кету керек, саябақ аймағының жалпы орналасуы жаяу жүргіншілер және веложүргізушілер ағынының болжамды қозғалысын ескере отырып шешілген.

    Г. Қапал

    қатысты посттар

    ШЫМКЕНТТЕГІ МӘДЕНИЕТ ҮЙІ РЕСПУБЛИКАДА ҮЗДІК ДЕП ТАНЫЛДЫ

    Фариза

    Шымкент: Жер қойнауын заңсыз пайдаланғандар жазаға тартылады

    Фариза

    Шу ауданында ветеринарлық жұмыстары айрықша назарға алынған

    Фариза

    Пікір қалдыру

    eight + 2 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.