-14.1 C
Алматы
Четверг, 26 декабря 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Аймақтар

    ШЫМКЕНТ: КОРОНАВИРУСТЫҢ ЕКІНШІ КЕЗЕҢІНЕ ДАЙЫНДЫҚ 3 БАҒЫТТА ЖҮРГІЗІЛЕДІ

    Шымкент қаласында коронавирустың екінші кезеңінедайындық шаралары жүріп жатыр. Коронавируспандемиясының болжанып отырған жаңа толқынына дайынболу үшін  провизорлық және инфекциялықстационарлардың жұмысын әзірлеу мақсатында арнайы  3 бағыт  әзірленген. Бұл туралы бүгін онлайн режимдекоронавирус індетінің екінші кезеңіне дайындық мәселелерібойынша Мемлекет басшысының төрағалығымен өткенкеңесте Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтеновбаяндады.

    Әкімнің айтуынша, тұрақты эпидемиологиялық жағдайкезінде қаланың  медицина ұйымдарында  жоспарлы  түрде1380 төсек орын дайындалған.  Ал қолайсызэпидемиологиялық жағдай кезінде қаланың провизорлықжәне инфекциялық стационарларында  4025 төсек орынғадейін  ұлғаяды. Сонымен қатар, жұқпалы аурулар өршігенкезде қаладағы медициналық ұйымдарда төсек қорын 5496 дейін  арттыру жоспарланған. 

    Қазіргі таңда, Шымкент қаласы аталған үш сценарийгедайын. Бұл жұмысқа 36 медициналық ұйымжұмылдырылады. Бұдан бөлек,  коронавирус жұқтырғаннауқастарды қабылдайтын 13 диагностикалық орталықұйымдастырылды. Онда 13 КТ және 30 рентген аппараты бар. Сонымен бірге, қалада тәулігіне 3500 тест қабылдайтын 7 ПТР зертханасы бар. Оның үшеуі жаңаданашылған.

    Материалдық-техникалық жабдықтау бойынша, қосымша282 ИВЛ алынып, аппарат саны 612 бірлікке жетті. Денсаулық сақтау нысандарын материалдық-техникалықжабдықпен қамтамасыз етуге 6 млрд. 600 млн. теңгежұмсалды. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 5 есеге көп. Сондай-ақ, медициналық ұйымдарда жаңа 3 оттегістанциясы мен 9 сұйық оттегі резервуары орнатылды.

    Сонымен қатар, қаладағы  36 емханада 211 мобилді бригада құрылса, 121 жедел жәрдем автокөлігі тәулік бойы жұмысістеуге әзір.  Эпидемияға қарсы күрес үшін жаңа call-centerіске қосылды. Шақыруды қабылдау линиясы 9-дан 28-ге өсіп, операторлар саны үш есеге артты. Қоңырау қабылдауқуаттылығы тәулігіне 3 500-ге жетіп отыр. 

    Қыркүйек айында медицина ұйымдарының өзара әрекеталгоритмі пысықталып, науқастарды категорияларға бөлудіүйлестіру үшін 3 рет оқу-жаттығу өткізілді. Медициналықұйымдарда дәрі-дәрмектің екі айлық қоры жасақталды. Осы уақыт ішінде 10 164 медицина маманы коронавирусинфекциясымен күрес бойынша оқытылды.

    Әзірге Шымкент қаласында  эпидемиологиялық жағдайтұрақты. Індет жайлаған кезеңде дертке шалдыққан 5 мыңнан астам науқастың 4 987 емделіп шыққан. Қазірстационарларда 71 адам ем қабылдап жатыр.

    Г. ҚАПАЛ

    қатысты посттар

    Шымкентте экономикалық өсімді қалпына келтіруге арналған жобалық кеңсе құрылды

    Фариза

    Жамбылда мемлекеттік-жекешелік әріптестік аясында көптеген мәселелер тиімді шешілуде

    Фариза

    ШҚО-да Жарма ауданында өндіріс көлемі артты