14 C
Алматы
Сенбі, 4 Мамыр 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Аймақтар

    Шымкент: «Менің қазақстаным» фестиваліне шетелдіктер қатысуда

    Шымкент қаласында «Шымкент – ТМД елдерінің мәдени астанасы» жылы аясында «Менің
    Қазақстаным» эстрада әншілерінің онлайн-фестивалі өтуде.

    ТМД мемлекеттерінің халықаралық гуманитарлық ынтымақтастық қорының және Қазақстан
    Республикасындағы Россотрудничество өкілдігінің қолдауымен Шымкент қаласының әкімдігінің
    ұйымдастырған фестивалі – қазақ композиторы, Қазақстан Республикасы Әнұранының авторы
    Шәмші Қалдаяқовтың 90 жылдығына арналып отыр.

    Фестивальдің негізгі мақсаты – Достастық елдері арасында мәдени-гуманитарлық
    ынтымақтастықты нығайту, рухани байланыстарды кеңейту, сондай-ақ қазақ халқының мәдени
    мұрасын насихаттау болып табылады.

    1-15 тамыз аралығында өтетін фестивальге қазіргі таңда Ресей Федерациясының Татарстан,
    Башқұртстан, Алтай өлкесі және Санкт-Петербург қаласынан, Беларусь, Әзірбайжан, Армения,
    Түрікменстан, Өзбекстан, Тәжікстан, Қырғызстан және Қазақстаннан 20-ға жуық үміткер қатысуда.
    Сонымен қатар, ТМД мемлекеттерінен тыс Америка Құрама Штаттары, Түркия елдерінен
    қатысушылар да бар.

    Фестиваль қорытындысы бойынша телевизиялық нұсқада концерттік бағдарлама дайындалып,
    телеарналардан беріледі. Үздік қатысушылар алғыс хаттар табысталады. Сонымен қатар, 2021-
    2022 жылдар аралығында карантин режимі аяқталғаннан Шымкент қаласында өтетін
    халықаралық іс-шараларға шақырылатын болады.

    Г. ҚАПАЛ

    қатысты посттар

    Шымкент қаласының тұрғындары мен қонақтарының назарына!

    Фариза

    Қызылордада карантинге қарамастан той өткізудің 370 дерегі анықталды

    Фариза

    Шымкентте көп қабатты 262 тұрғын үй салынуда

    Фариза

    Пікір қалдыру

    twenty + two =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.