9 C
Алматы
Сәрсенбі, 1 Мамыр 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Аймақтар

    ШЫМКЕНТ: ДОСТАСТЫҚ ЕЛДЕРІ АРАСЫНДА ӨТКЕН ӨНЕРЛІ БАЛАЛАРДЫҢ ФЕСТИВАЛІ ӨЗ МӘРЕСІНЕ ЖЕТТІ

    Шымкентте «Тәуелсіз мемлекеттер достастығының мәдени астанасы» жылы аясында «Шымкент – қайырымды қала» балалар шығармашылығына арналған онлайн-фестиваль өз мәресіне жетті. Достастық елдері арасында өткен шараға 6 жастан 15 жасқа дейінгі жалпы саны 500-ге жуық бала қатысты.  Оның ішінде ТМД елдерінен 20 бала, Қазақстан Республикасынан – 479 қатысушы үш номинация бойыншаөз шығармаларын жолдады. Фестивалдің бағдарламасы «Вокалдық шығармашылық», «Аспапта орындау»,  «Бейнелеу өнері» номинациялары бойынша  жүргізілді. 

    Балалар шығармашылығына арналған онлайн-фестивальдің барлық қатысушыларына қала әкімінің атынан арнайыдипломдар табысталды.

    Фестиваль аясында Ресей, Өзбекстан, Қырғызстан елдерінің өнерлі балалары ерекше белсенділік танытты. Солардың қатарында, вокал бойынша Сочи қаласынан қатысқан «Voctime» квартеті және Насибуллина Дамира, Қырғызстаннан Жанибекова Сауле өз ұлтының халық әндерін жоғары дәрежеде орындады. Өзбекстандық – Султанова Шахзода, Абдурахманова Диёра, Мирпулатов Мирза-Шухрат, Миржалилова Мадина есімді суретші жастар «Бейнелеуөнері» номинациясы бойынша Достастық елдерітақырыбында жаңа туындыларымен фестивальдің жандануына атсалысты. 

    Қазақстандық қатысушы жас өнерпаздар да үш номинация бойынша тақырыпты кеңінен аша білді. Атап айтқанда: «Бейнелеу өнері» номинациясында Қызылорда облысынанЗұлқарнай Нұрай, Қостанай облысынан Бейсембаева Риза, Ковалева Ирина, Трефилова Мария достастық елдерітақырыбы мен Шымкент қаласының көрікті жерлерінқылқаламмен әсем түрде бейнелеген. Жас өнер иелерінің ішінде ерекше көзге түскен Исабекова Гульназ достастық тақырыбын қабырғаға салған арнайы граффити өнерімен тәнті етті.

    «Вокалдық шығармашылық» номинациясында Қостанай облысынан Перевозкина Дарья «Қазағымсың» әнін жандыдауыста жоғары дәрежеде шырқаса, Павлодар облысы Ақсу қаласының жас әншісі Арынова Дария, СапаргалиеваАзалия және Шымкент қаласынан Абуталип Алижаншетелдік классикалық шығарманы кәсіби деңгейде орындады. 

    «Аспаптық орындау» номинациясы бойынша Шығыс Қазақстан облысы, Семей қаласынан «Домбыра думан», «Қыздар ай» ансамбльдері қазақша күй өнерінен ерекшесыр шертті. Маңғыстау облысы Маңғыстау ауданынанқатысушылар Әлібаева Ақторғын мен Нұртілек Жайнар да орындау шеберліктері жоғары екенін көрсете білді. Дарынды жастар қазақтың көне шығармалырын домбыра, баян, қобыз, скрипка, пианино, саксафон және гитара аспаптарында еркін ойнай алатындықтарын көрсете білді. 

    Онлайн оқуға қатысушы өнерлі балалардың сапалыбейнежазбалары әлеуметтік желіде арнайы хэштегтерарқылы жарияланып көрерменнің ыстық ықыласы мен лебізіне бөленді.

    Г. ҚАПАЛ

    қатысты посттар

    Руxани жаңғыру: облыстық ардагерлер кеңесі – Зайсанда төрінде

    Шымкентте мал шаруашылығын дамытуда 7 инвестициялық жоба жүзеге асырылуда

    Фариза

    Шымкентте «Бекжан» базарынан өрт шықты

    Фариза