Воскресенье, 18 января 2026
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Аймақтар

    АБАЙ АУДАНЫ: «ЫНТЫМАҚ-2» ШАҒЫНАУДАНЫНЫҢ БАТЫС БӨЛІГІНДЕ АУЫЗ СУ ЖҮЙЕСІНІҢ ҚҰРЫЛЫСЫ БАСТАЛДЫ

    Шымкент қаласының Абай ауданы аумағындағы «Ынтымақ-2» шағынауданының Батыс бөлігінде ауыз су жүйесінің құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Құрылысқа жауапты – «Мелиоратор» ЖШС мекемесі. Құрылыс жұмыстарын 2021 жылдың желтоқсан айында аяқтау жоспарланған.

    Абай ауданының әкімі Бұқарбай Парманов шағынауданның Батыс бөлігінің тұрғындарымен инфрақұрылым мәселесі бойынша кездесіп, тұрғындардың талап-тілектерін тыңдады. Бұқарбай Рысқұлұлы кездесу барысында мердігер мекемеге құрылыс жұмыстарын сапалы әрі уақытылы орындауды тапсырды.

    Сондай-ақ, шағынауданды мемлекеттік электр жүйесімен қамтамасыз ету мақсатында «Су Жоба құрылыс» ЖШС құны 890,3 млн тг құрайтын жобалық-сметалық құжаттама әзірледі. Құрылыс жұмыстары келесі жылы басталады.

    Ф. Жандар

    қатысты посттар

    Шымкентте «shymkent bike» жобасы іске қосылады

    Фариза

    Құрбан айттың бірінші күнінде Шымкент қаласы бойынша 300 мал шалынды

    Фариза

    Шымкенттегі төрт ауруханаға оттегі бекеті орнатылады

    Фариза