Вторник, 9 декабря 2025
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Аймақтар

    ШЫМКЕНТ: РЫСҚҰЛОВ – ҚОНАЕВ КӨШЕЛЕРІНІҢ ҚИЫЛЫСЫНДАҒЫ ЖОЛАЙРЫҚ ҚҰРЫЛЫСЫ 15 ҚАЗАНДА БАСТАЛАДЫ

    Шымкентте алғаш рет қаланың орталығында жолайрық құрылысы басталады. Бүгін Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Мақсұт Исахов Ақпараттық-коммуникациялық орталығында өткен баспасөз брифингінде осылай деді.

    Шымкент қаласының бас жоспарына сәйкес, қала көшелерінде көлік кептелістерін болдырмау және жол апаттарының алдын-алу мақсатында қаланың көлік инфрақұрылымын дамыту жоспары бекітілген. Осы жоспарда бірнеше көшені қайта құру, жолайрықтар, жаңадан көшелер салу, бағдаршамдардың жұмысын оңтайландыру іс-шаралары қамтылған болатын. Солардың бірі – Рысқұлов — Қонаев көшелерінің қиылысындағы көлік жолайрығын салу жұмыстары басталады. Аталған Рысқұлов пен Қонаев көшелері – қаламыздағы көлік қарқындылығы жоғары магистральды көшелердің бірі.Бүгінде мердігер мекеме анықталған. Құрылыс жұмыстарын биыл 15 қазаннан бастау жоспарлануда.

    Бас мердігер – «Bazis Construction» ЖШСАвторлық қадағалаушы

    – «Саулет-SKB» ЖШСТехникалық қадағалаушы

    – «Акмол Тех Надзор» ЖШС

    Ф. Жандар

    қатысты посттар

    Қазақстандық киік қорғаушылар: адамзатты алаңдатқан ақбөкен мен инспекторлар тағдыры (ФОТО)

    Фариза

    «Шымкент – ТМД-ның мәдени астанасы» жылы аясында ұйымдастырылған фестивальдер өз мәресіне жетті

    Фариза

    Сыр елінің ауылшаруашылық өнімдері 17 мемлекетке экспортталуда

    Фариза