Бүгін Шымкент қаласының әкімі, «Nur Otan» партиясыфилиалының төрағасы Мұрат Әйтенов Қаратау ауданындаорналасқан 27 дауыс беру учаскесінде болып, праймеризгеқатысушыларға дауыс берді. Өз таңдауын жасаған қалабасшысы партияластарын белсенді түрде дауыс беругешақырды.
-Праймериздің мақсаты арамыздан қабілетті, білімді, шынайы көшбасшыларды табу. Бұл саяси додағакәсіпкерлер, құрылысшылар, медицина мамандары, мұғалімдер, жалынды жастар, көпбалалы аналарға дейінқатысып жатыр. Мен толығымен праймеризгеқатысушылардың бағдарламаларымен таныстым. Көптегенұсыныстар партия филиалы сайлауалды бағдарламасынаенгізіледі. Мен учаскіге келіп, дауыс беруді жөн депсанадым. Бүгін мен өзінің ойын, пікірін халыққа дұрысжеткізе алатын, қабілеті бар кісіге дауыс бердім, — деді қалабасшысы.
Қаламызда жалпы 185 үміткер праймеризге қатысушыболып тіркелген болса, соның ішінде 151 кандидат додағақатысуда. Қалған 22 үміткер түрлі жағдайларға байланыстысайыстан шыққан.
Шымкентте партия мүшелері саны 35197, БПҰ 47, білімсаласында 10658 мүше, денсаулықта 4663, кәсіпкерліксаласында 864, құрылыс саласында 1317 мүше бар.
Бүгін «Nur Otan» партиясының праймеризі бойынша дауысберудің үшінші күні. Осыған орай бастауыш партия ұйымдарының базасында дауыс беру учаскелері ашылған.Қалада осындай 33 учаске жұмыс істеп тұр. Олардыңбарлығында санитарлық нормалар сақталып, дауысберушілерге қолайлы жағдай жасалған.
Бүгі сағат 10-00-дегі жағдай бойынша Шымкент қаласында23 541 адам партиялық кадрлық резервіне кандидаттарғадауыс беріп үлгерген.
Дауыс беру учаскелерінде дауысты бүгін сағат 14:00-ге дейін беруге болады.
Г. ҚАПАЛ