11 C
Алматы
Сәрсенбі, 1 Мамыр 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Жаңалықтар

    Қызылордалық ҚАЖ қызметкерлері сала ардагерлерін құттықтады

    1 қазан — Халықаралық қарттар күніне орай Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаменті ЗК-169/5 мекемесінің қызметкерлері қылмыстық-атқару жүйесі саласы ардагерлерінің шаңырақтарына барып, оларды мерекемен құттықтады. Бүкіл өмірін қажырлы еңбекке арнаған қарттарға құрмет көрсетіп, азық-түлік себеттерін тарту етті.

    Отставкадағы әділет майоры Смайлов Теңізбай Дайрабайұлын мерейлі мерекемен құттықтай келген полиция қызметкерлері аға буынның Отанға деген сүйіспеншілігі жас ұрпақ үшін әрдайым үлгі-өнеге боларын айтты.
    Смайлов Теңізбай Дайрабайұлы 1950 жылы 11 шілдеде Қармақшы ауданы, Тұрмағамбет ауылында дүниеге келген. 17 жыл өмірін сотталғандарды тәрбиелеп, қайта әлеуметтендіруге арнаған атамыз қазіргі таңда бейнеттің зейнетін көріп, өмірлік серігі Маханова Бақшагүл апамызбен 4 баладан көрген 8 немересінің қызығын көруде. Ұлдары жоғары білімді мамандар. Бір ұлы Смайлов Рахметулла әкенің жолын қуып, қылмыстық-атқару жүйесінде қызмет етіп, «әділет подполковнигі» шенінде құрметті зейнеткерлік демалысқа шыққан.

    ЗК-169/5 мекемесінің қызметкерлері ішкі істер органдарының ардагері Демесинов Иса атамызды да құттықтап, ардагер атамызға жылы лебізін білдірді.

    Демесинов Иса 1945 жылы Қызылорда облысы, Тереңөзек ауданында туған. Әскери борышын өтегеннен кейін 1981-1995 жылдары Тергеу изоляторында қызмет еткен. Қария сол жылдардағы ерен еңбегінің арқасында бірнеше марапаттарға ие болып, бүгінде 2 қыздан 3 немере сүйіп отыр. Құрметті зейнеткерлікке шықса да қажырлылығының арқасында жеке кәсіпорында әлі де қызмет етуде.

    ЗК-169/5 мекемесі бастығының орынбасары әділет майоры Ж.Есмаханов әр ісi ізеттілік пен үлгi-өнегеге толы қадiрмендi қариялардың елге сiңiрген ерен еңбегі ұрпақ санасында мәңгі сақталарын жеткізіп, қызметтеріне алғыс білдірді.

    Әлі де жас буынның санасында қалғандығына риза болған қарттар алғыстарын жеткізіп, естеліктерімен бөлісті, ақ баталарын берді.

    қатысты посттар

    Көпбалалы аналар мен ардагерлерге жеңілдік беріледі

    Фариза

    Гүлшара Әбдіқалықова Байқоңыр ғарыш айлағындағы «СоюзМС-17» ғарыш кемесінің ұшырылуын тамашалады

    Фариза

    Досаев Алматыдағы 19 нысанның құрылысын тоқтатты

    Фариза