-13.1 C
Алматы
Понедельник, 23 декабря 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Аймақтар

    Шымкент: Қоғамдық көліктерге «төлем» электрондық жүйесі енгізіледі

    Бұл туралы бүгін ақпарттық-коммуникациялық орталықта өткен баспасөз-мәслихатында Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Мақсұт Исахов мәлім етті.

    Қоғамдық көлікте жол жүру төлемақысын төлеу үшін көлік карталарының 4 түрі қарастырылған – стандарттық (жалпы пайдалануға), мектеп оқушыларының, студенттік және жеңілдік.Жолаушылар көлік картасымен, SMS, QR-кода, смартфонды (NFC) қолдана отырып, жол жүру ақысын төлеуге мүмкіндік бар.

    Жүйені пайдалануға қосылуымен қатар қалалық маршруттарына сараланған тарифті белгілеу мәселесі қаралған. Яғни көлік карталары арқылы қолма-қол ақшасыз төлеу кезінде қазіргі қолданатын тарифпен төлейді, ал қолма-қол ақшамен төлеу кезінде тариф жоғары болады (шамамен 100 теңге).

    Көлік картасының бағасы 500 теңге. «QazSmartTrans» ЖШС-гі тарапынан 14 мың карта Ұлы Отан Соғысы ардагерлері мен мүгедектеріне, тыл еңбеккерлеріне (Ерен еңбегі үшін медалімен марапатталғандар) Батыр ана, Алтын алқа, Күміс алқа төс белгілерімен марапатталғандарына және І — топтағы көру қабілеті нашар зағип жандарға тегін таратылады. Ол үшін Халыққа қызмет көрсету орталығына жүгінген жөн.Жаңа жүйені енгізу үшін көлік компанияларымен шарт жасалған. Қазіргі таңда 350 қоғамдық көлікке валидаторлар орнатылған. Бұл жұмыстар жалғасуда. Сонымен қатар, смартфон пайдаланушыларына арналған «Open Shymkent» мобильдік қосымша әзірленді

    .–Бастапқыда жаңа жүйеге қатысты сауалдар көп болуы мүмкін. Сол себепті, тұрғындарға тиісті мәліметті беру үшін CALL-орталығы ашылды. Кез келген мазалаған сауалды 8 775 811 2222 орталығына қойып, жауап алуға болады, — деді қала әкімінің орынбасары М.Исахов.Бекітілген кестеге сәйкес 30 қыркүйекке дейін автобустарға валидаторлар толығымен орнатылады. Жүйені іске қосу 15 қазанға жоспарлануда.

    Ф. Жандар

    қатысты посттар

    Таразда «Сот жүйесі ғалымдарының диалогы» I — Халықаралық форумы өтті

    Фариза

    Қызылорда: Тұрақтандыру қорында 3248 тонна өнім бар

    Фариза

    Мойынқұмда 4 шаруашылық жаңбырлатып суғару технологиясын егізуде

    Фариза

    Пікір қалдыру

    3 × four =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.