-6.1 C
Алматы
Понедельник, 23 декабря 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Жаңалықтар

    «Мені қашан өлтіріп кетеді?»: Қуат Хамитов өзінен жалыққанын айтты

    Қазақстандық ММА файтері Қуат Хамитов кейде өзіне маза таптырмайтын ойларымен бөлісті деп хабарлайды Qazweek.kz ақпарат агенттігі KAZ.NUR.KZ порталына сітеме жасап.

    Спортшы «Ушатайка: Спорт-Экспресс» YouTube арнасына сұхбат берген. Журналист Хамитовтың тек спорттағы жетістіктерімен ғана танымал емес екенін атап өтті. Желіде спортқа еш қатысы жоқ, «Найман» бейнеленген даулы видеолар жетерлік. Қуат әртүрлі видеолар түсіріп, бейнебаяндар мен киноларға түсіп, тіпті, Қазақстанда КВН сахнасына шыққанын растады. Оның көптеген мәлімдемелері саясатпен байланысты.

    «Мен үнемі өз көзқарасымды білдіремін, депутаттарды сынаймын… Мен қазақ халқының арабтар секілді өмір сүргенін қалаймын. Біз арабтарға қарағанда баймыз. Мен үнемі қарапайым халықтың жағындамын, үнемі саясатқа, спортқа, әділетсіздікке араласамын, бейнебаяндар мен киноларға түсемін… Мен барлық жердемін. Кейде мен халықты жалықтырып алған секілді сезінемін. Кейде жатып, «Мені қашан өлтіріп кетеді? Мен өзім өзімнен жалықтым» деп ойлаймын», — деді Хамитов.

    Еске сала кетсек, аралас жекпе-жек шебері Қуат Хамитов (18-7-1) Мәскеуде өткен Fight Nights Global 98 турнирінде ресейлік файтер Ахмад-Хан Боковпен (5-4) кездесті. Қазақстандық спортшы қарсыласын бірінші раундта жеңді.

    Айта кетейік, бұған дейін Алматы полициясы Қуат Хамитовты қамауға алғанын жазған едік. Спортшы дезинфекторларды ұруға шақырған . Кейінірек, Қуат Хамитов басын дауға қалдырған видеосына қатысты түсініктеме беріп, оны әзіл ретінде түсіргенін жеткізді.

    Ал алматылық полиция одан жауап алған соң, оны босатып үйіне жіберді.

    қатысты посттар

    Алматы облысында имам үш баласы бар әйелді зорлап, өлімге себепші болды (видео)

    Қазақстанда ет қымбаттауда

    Фариза

    Қазақстанда жылу бағасы қымбаттады

    Фариза

    Пікір қалдыру

    five × one =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.