22 C
Алматы
Жексенбі, 5 Мамыр 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Жаңалықтар

    “Қазақтардан кешірім сұраймын!”. Божко өз сөзіне өкінетінін мәлімдеді

    Қазақ халқына тіл тигізген қостанайлық азамат өз сөзіне өкінетінін мәлімдеп, видеоүндеу жариялады, деп хабарлайды Qazweek.kz ақпарат агенттігі  zakon.kz порталына сілтеме жасап.

    Оның айтуынша, ол мұны мастықпен істеген әрі бұл қылығы еш ақтауға жатпайтынын толықтай түсінеді, соған қарамастан қазақ халқынан кешірім сұрайды.

    “Youtube желісіндегі украиндық блогермен болған сұқбатымда қатты қателескенімді мойындаймын. Онымен ешкімді ренжіткім немесе қытығына тигім келген жоқ. Барлық ұлт өкілдеріне позитивті көзқарастамын. Ішіп алған едім, мастықтан осындай болды. Қазақ халқына үлкен құрметпен қараймын, айтқаным үшін қатты өкінемін. Мұның барлығы өштік немесе қастықтан туындаған жоқ. Менің Отаным – Қазақстан! Өмір бойы осы жерде тұрып келемін. Ешқандай ақтауға келмейтін жағдай, түсінемін, егер жазалау керек болса, жазаны өтеуге дайынмын. Кешіріңіздер! Қазақ халқынан кешірім сұраймын!”, – дейді видеода қостанайлық Кирилл Божко.

    қатысты посттар

    Қазақстандықтар енді 11 елге ұшып бара алады

    Фариза

    Қызылорда облысының Сырдария ауданында жаңа жоба іске асырылуда

    Фариза

    Гүлшара Әбдіқалықова Қызылорда қаласындағы эпидемиологиялық ахуалға қатысты жиын өткізді

    Фариза

    Пікір қалдыру

    13 − 4 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.