20 C
Алматы
Сейсенбі, 30 Сәуір 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Жаңалықтар

    Олжас Құдайбергенов жаңа қызметке тағайындалды

    Олжас Құдайбергенов Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі жанындағы Басқарушы кеңестің төрағасы болып сайланды, – деп хабарлайды Qazweek.kz ақпарат агенттігі Tengrinews.kz порталына сілтеме жасап.

    ҚР Ұлттық экономика министрлігі жанындағы Басқарушы кеңестің отырысында Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік басқарудың жағдайы мен болашағы талқыланды.

    Ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов Кеңестің негізгі міндеттерін түсіндірді. Бұл Министрліктің қызметін бағалау және жетілдіру бойынша ұсынымдық шешімдер әзірлеу.
    Кеңес төрағасы болып экономист, Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы әлеуметтік-экономикалық реформалардың мониторингін талдау орталығының мүшесі Олжас Құдайбергенов сайланды.

    Күн тәртібі бойынша Ұлттық экономика вице-министрі Айгүл Шайымова сөз сөйледі. Оның айтуынша, сапа мен тиімділікті арттыру үшін мемлекеттік аппаратты басқарудың құзыреттілік тәсіліне көшіру жоспарлануда. Бұл ұйымдық құрылымға икемділік береді және мемлекеттің экономикалық күн тәртібінің трендтерін ескере отырып, мемлекеттік органдар құрылымында “жұмсақ” департаменттер құруға мүмкіндік береді.

    Отырысқа қатысушылар қойылған міндеттерді нәтижелі шешу үшін мемлекеттік органдардың кадрлық әлеуетін одан әрі жетілдіру бойынша ұсыныстар жасады.

    Ұлттық экономикалық ведомство басшысы Руслан Дәленов ұсынылған шараларды іске асыру тетігі жаңа экономикалық саясаттың негізгі бағыттары бойынша нәтижеге қол жеткізуге бағытталатынын атап өтті. Құзыреттілік тәсіл қабылданған шешімдердің тиімділігін арттырады. Өйткені басқарушылық шешімдер қабылдаудың тек бір ғана деңгейі болады.

    қатысты посттар

    Серік Күдебаев Алматы облысының полиция департаментінің бастығы қызметінен босатылды

    Фариза

    Ипотеканың бастапқы жарнасы үшін миллионнан артық соманы тегін алу жолы қандай?

    Фариза

    Ақтөбе облысында су тасқынан өңірді қоқыс басып қалды

    Фариза

    Пікір қалдыру

    6 + nine =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.