15 C
Алматы
Жұма, 17 Мамыр 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Аймақтар

    Шымкентте еріктілер мектебі ашылды

    Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 2020 жылды «Еріктілержылы» деп бекіткен. Осыған сәйкес еріктілер жылын кең көлемде өткізу мақсатында Шымкентте қарқынды жұмыстар атқарылып отыр. 

    Қазіргі таңда шаһарда 3 мыңнан астам ерікті, 20-ға жуық еріктілер ұйымы бар.  Солардың бірі – «Ізгіліктежарысайық» қайырымдылық қоғамдық қоры. Аталған қор қалалық Жастар ресурстық орталығының қолдауымен «Еріктілер мектебін» ашып отыр. 

    «Еріктілер мектебінің»  басты мақсаты – қоршаған ортаға қамқорлық көрсету, мұқтаждарға көмек беріп, ізгілікжолында жастардың өз ізін қалдыруы болып отыр.  Сонымен қатар,  жас ұрпақтың бойына адамгершілік, ізгілік, қамқорлық пен қайырымдылық сияқты асылқасиеттерді дарыту. 

    «Ізгілікте жарысайық»  қайырымдылық қоғамдық қорының еріктілері білім, экология, әлеуметтік бағыттарында жұмыс жасайды.

    Мәселен, «Эко-волонтер» бағытында «Шымкент – таза қала», «Шымкент – жасыл қала» жобалары бойыншақаланың тазалығына өз үлестерін қосып отыр. Сондай-ақ, «плоггинг» сайыстарын мектеп оқушылары және студенттер арасында ұйымдастырып келеді. Ол жүгіру мен қоқыс жинауды біріктіретін экологиялық қозғалыс. Бұларқылы волонтерларды тазалыққа, сабырлыққа, мәдениеттілікке үйретеді.

    Ал, «ПЕДКЛУБ» білім жобасы жастар арасындажұмыссыздық деңгейін төмендету, ұлттық құндылықтарды насихаттау мақсатында жасалынған. 

    Г. ҚАПАЛ 

    қатысты посттар

    ШЫМКЕНТ: ӘЛ-ФАРАБИ АУДАНЫНДА 185 ТҰРҒЫН ҮЙДІҢ АУЛАСЫ АБАТТАНДЫРЫЛУДА

    Фариза

    Шымкентте «Бабадан қалған боз кілем» атты онлайн көрме өтіп жатыр

    Фариза

    Шымкентте 11 Канал қайта жаңғыртылады

    Фариза

    Пікір қалдыру

    thirteen + eight =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.