20 C
Алматы
Сәрсенбі, 1 Мамыр 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Аймақтар

    Шымкентте «Бабадан қалған боз кілем» атты онлайн көрме өтіп жатыр

    Шымкентте «Көрме» орталығының ұйымдастыруымен кілем жинақтаушы коллекционер Дана Бектаеваның «Бабадан қалған боз кілем» атты онлайн кілем көрмесі өтіп жатыр. Бұл «Шымкент 2020 — ТМД-ның мәдени астанасы» және Шымкент қаласының 2200 жылдығы мерейтойлары аясында өтіп жатқан іс-шара.

    Іс-шараның мақсаты – ұлттық қолөнерді ұлықтап, өзіндік ерекшелігін бағалап, кілем тоқу өнерін өшірмей, кереметтілігін халыққа паш ету. Кілем беттеріндегі сан алуан өрнектің тілін, әр сызықтың түр-түсінің айтар ойын халыққа түсіндіру. Сан ғасырлар сорабынан сыр шертетін тарихи дүниелер, кілемдер арқылы сол заманның тарихын, тыныс-тіршілігін таныстырып, көне кілемдердің маңызын халыққа кеңінен насихаттау.

    Көпшілікке ұсынылған кілемдер Дана Бектаеваның жеке коллекциясындағы дүниелер. Барлығы қолдан тоқылған, табиғи материалдардан жасалған өнім.

    Қазақстанның түкпір-түкпірінен жинақталған құнды кілемдердің біршамасы Оңтүстіктен, дені Сыр өңірінен табылған.

    Фариза Жандар

    қатысты посттар

    Қатонқарай аудандық сотының өкілдері ардагерлерді құттықтады

    ШЫМКЕНТ: АЗЫҚ-ТҮЛІК ТАУАРЛАР ЖӘРМЕҢКЕСІНДЕ КАРАНТИН ТАЛАПТАРЫ САҚТАЛУДА

    Фариза

    Шымкентте алты айда 34,2 млрд. теңгенің құрылыс өнімдері өндірілді

    Фариза

    Пікір қалдыру

    thirteen − 9 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.