-14.1 C
Алматы
Среда, 25 декабря 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Аймақтар

    ШЫМКЕНТ: Тұрғындарға «HАLYK-SAULET» электронды жүйесі арқылы қызмет көрсетілуде

    Шымкент  қаласындағы  жер, сәулет және қала құрылысы басқармасы арқылы 19 түрлі мемлекеттік қызмет көрсетіледі. Бүгінде оның барлығы да электронды түрде жүргізіліп отыр. 

    Мәселен, басқарманың «нalyk-saulet» жүйесі іске қосылған болатын. Ол арқылы жылжымайтын мүлікке нөмер беру, оны нақтылау және жою қызметтері толықтай автоматтандырылды. 

    Бұған дейін бұл қызметті тұрғындар 6 жұмыс күні ішіндеалып келген. Қазір электронды бағдарламаның арқасында жарты сағат көлемінде алу мүмкіндігі туып отыр. Биыл 8 айда «нalyk-saulet» жүйесі арқылы азаматтарға 7 500 мемлекеттік қызмет көрсетіліпті. 

    Сонымен қатар, халықтың тарапынан ең үлкен сұранысқа иесәулет-жоспарлау тапсырмасын беру қызметі (АПЗ)  автоматтандырылды. Былтыр осы қызметті алу үшін 17 жұмыс күні қажет болса, қазір 3 жұмыс күні ішінде алуға мүмкіндік бар. 

    Айта кетейік, АПЗ-ны алу кезіндегі талап етілетін табиғи монополия субъектілерінің техникалық шарттарын өткен жылы 15-20 күнде алатын. Автоматтандырылғаннан кейінбұл қызмет түрін де  2 жұмыс күні ішінде алуға болады.

    Г. ҚАПАЛ

    қатысты посттар

    Қала әкімдерінің рейтингі

    ШҚО-да сегіз мыңнан астам түлек мектеп бітірді

    Жамбылда әдемі ән кеші өтті

    Фариза

    Пікір қалдыру

    two × five =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.