Вторник, 18 ноября 2025
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Жаңалықтар

    Қызылордада 200 орындық модульдік аурухана салынуда

    Қызылордада 200 орындық тез тұрғызылатын модульдік аурухананың құрылысы жүруде. Жоба құны 6 миллиард 700 миллион теңгені құрайды. Іргетасы монолиттен, шатыры сэндвич панельден, сыртқы қабырғалары зауытта жасалған блоктан салынуда.

    «Қызметкерлерге арналған үй-жай, әкімшілік және диагностика бөлімі, санитарлық өткізу аймақтары болады. Жалпы, 56 екі орындық палата, 16 үш орындық палата, 6 бір орындық және 7 екі орындық бокс, қарқынды терапия бөлімшесінде 20 төсек қамтылған», – дейді облыстық құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасының басшысы Бердияр Прімбетов.

    Сондай-ақ, қаланың Сол жағалауында «100 келушіге арналған емханасы бар 300 төсектік көпсалалы аурухана», «Отбасылық медициналық орталық», «300 орындық жатақханасы бар 400 орындық физика-математика мектеп-интернаты», «Салтанат сарайы», көгалды хоккей алаңы, «Облыстық қазақ музыкалық-драма театры», «Облыстық қан орталығы» секілді ғимараттар салынатын болады.

    қатысты посттар

    Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің аумақтық департаменті қызметі туралы қысқаша сұхбат

    Фариза

    «Жұмыспен қамтудың жол картасы»: Екі ауданда 1240 тұрғын жұмыспен қамтамасыз етіледі

    Фариза

    Түркістан облысы: электр желілері мен жабдықтарды жөндеу және пайдалануды жүзеге асыру міндеттерін қолға алып отыр.

    Фариза

    Пікір қалдыру

    one × two =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.