15 C
Алматы
Жексенбі, 5 Мамыр 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Жаңалықтар

    Қызылорда облысында бес жылға арналған жаңа жоба әзірленуде

    Қызылорда облысында 2021-2025 жылдарға арналған жаңа бағдарламаның жобасы әзірленуде. Бұл туралы облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Нұрғали Қордабай мәлімдеді.

    Бағдарламаға облыстағы ең өзекті мәселелер енгізілген. Елді мекендерді газдандыру, инженерлік желілерді жаңғырту, тұрғын үй кешенін, ауыл шаруашылық саласын дамытуға басымдық беріледі.

    «Мұнай кен орындары, экологиялық ахуал секілді мәселелер назардан тыс қалған жоқ. Бес жылдық бағдарлама аясында осы проблемаларды шешу жолдары қарастырылады. Президент Жолдауында «Ауыл ел – бесігі» бағдарламасы жалғасатыны айтылды. Осыған орай, биыл 8 елді мекенде 52 жоба жүзеге асырылуда. Оған 5,1 млрд. теңге қаржы бөлінді», – деді басқарма басшысы.

    Сондай-ақ, 2023 жылға дейінгі облыстың экономикалық даму жоспары бекітілді. Құжат 265 жобадан тұрады.

    «Даму жоспары экономикалық дағдарыстан шығу, кәсіпкерлікті өрістетуге арналған. Биылдың өзінде 26 миллиард теңгені құрайтын 108 жобаны жүзеге асыру көзделген. 2071 адам жұмыспен қамтылады. Бүгінде 58-і іске қосылды. Осы жобалардың арқасында біз облыстың азық-түлік және азық-түлік емес тауарларының нарығын өңіріміздің тауар өндірушілері арқылы толықтыратын боламыз», – деді Нұрғали Рахымшаұлы.

    Айта кетейік, облыста ауыл шаруашылығы саласында 39, құрылыс материалдарын шығаруға арналған 5, қызмет көрсетуде 2, азық-түлік тауарларын өндіруде 9, азық-түлік емес тауарларын өндіру бағытында 3 жоба іске қосылған.

    қатысты посттар

    Қызылордада ауылшаруашылық өнімдерінің жәрмеңкесі өтті

    Фариза

    Қызылорда облысында дәрілік заттардың бағасы бақылауда

    Фариза

    Гүлшара Әбдіқалықова Шиелі ауданының эпидемиологиялық ахуалына қатысты жиын өткізді

    Фариза

    Пікір қалдыру

    5 × one =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.