-1.1 C
Алматы
Суббота, 9 ноября 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Жаңалықтар

    Жәрмеңке: Қызылордалықтар елорда тұрғындарына 360 тоннаға жуық өнім ұсынуда

    Нұр-Сұлтан қаласындағы Қызылорда облысының ауыл шаруашылық өнімдерінің жәрмеңкесі екі күн бойы жалғасады. Жәрмеңкеге Қызылорда қаласы мен 7 ауданының 70-тен аса шаруашылық пен кәсіпорындары 30 автокөлікпен 360 тоннаға жуық жоғары сапалы өнімдерін ұсынуда.

    Сырбойылықтар жәрмеңкеге 146 тонна ақталған күріш, 27тонна балық және балық өнімдері, 28 тонна асқабақ, 126,5 тонна бақша, 18 тонна көкөніс пен жеміс және 14,5 тонна басқа өнім түрлерін әкелген.

    Тез бұзылатын сүт өнімдері секілді тауарларрефрижератор көлігімен жеткізіліпті. Сатушыларға арнайы униформа беріліп, карантин талаптары толық сақталған. Барлығы дезинфекциялық құралдармен қамтылған.

    Атап өту керек, ағымдағы жылы Қызылорда облысы аграрлық салада айтарлықтай жетістіктерге қол жеткізді.

    Мәселен, егіс көлемі – 1,1 мың гектарға артып, 184,2 мың гектарды құрады. Барлық дәндi дақылдар 99,9 мың гектар, майлы дақылдар 5,7 мың гектар, мал азықтық дақылдар 61,0 мың гектар, картоп, көкөнiс, бақша 17,6 мың гектарды құраса, негізгі дақыл күрiштің көлемі 89,5 мың гектарды құрады.

    Жалпы егіс көлемі 2014 жылмен салыстырғанда 25 мың гектарға артса, әртараптандыру бағытында соңғы алты жылда мал азықтық дақылдар 8,0 мың гектарға, майлы дақылдар 6,9 мың гектарға, ал күріштен басқа дәнді дақылдар көлемі 3,7 мың гектарға ұлғайып отыр. 

    Сонымен қатар, бүгінгі күнге облыста 227 мың тонна картоп, көкөніс, бақша және 19,7 мың тонна ет, 48,5 мың тонна сүт өндіріліп отыр.

    Сыр елінің ауыл шаруашылығы өнімдері қазіргі таңда әлемнің 17 мемлекетіне экспортталуда. Экспортталған өнімнің 92,4 пайызы облыстың негізгі дақылы – күріш өнімі болып, Ресей, Қырғызстан, Беларусия, Әзірбайжан, Моңғол мемлекеті, Тәжікстан, Украина, Түркмения және Ирак мемлекеттеріне шығарылуда.

    қатысты посттар

    ҰҚК бейбіт митингілерді өз мақсаттарына қолданды – Айман Омарова

    Фариза

    Қызылорда: Қала күніне орай ұйымдастырылған жәрмеңкеге 1,5 мың тонна өнім әкелінеді

    Фариза

    Жаңа заң бойынша мүгедектігі бар адамға қандай жағдай жасалады

    Фариза

    Пікір қалдыру

    11 + five =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.