-2.1 C
Алматы
Четверг, 19 декабря 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Аймақтар

    Шымкент: Бірқатар азаматтар мерекелік медальмен марапатталды

    Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлының бастамасымен құрылған Қазақстан халқы Ассамблеясына биыл 25 жыл толып отыр. Осыған орай, Шымкент қалалық Қазақстан Халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары, Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары Шыңғыс Мұқан бірнеше азаматты мерекелік медальмен марапаттады.

    — Барлығымыз – бір халықпыз, мақсатымыз — бір. Бір ауаны жұтып, бір суды ішіп отырмыз. Осы тұрғыдан қалада тұратын әр тұрғын – қаланың дамуына үлес қосып отыр. 25 жылда талай өзгерістер болып, талай жұмыстар атқарылды. Елдің бірлігін нығайтуға үлес қосып келе жатқан азаматтар баршылық. Ассамблеяның мерейлі мерекесі – Сіздер сіңірген еңбектің нәтижесі деп білемін, — деді Шыңғыс Жұмабекұлы.

    Марапат иегерлері:

    — Шымкент қаласы Қазақстан халқы Ассамблеясы Қоғамдық келісім кеңесінің мүшесі — Мырзахметов Шалатай;

    — Шымкент қаласы ардагерлер кеңесінің төрағасы, Шымкент қаласы Қазақстан халқы Ассамблеясы Қоғамдық келісім кеңесінің мүшесі — Рысбай Исамудин;

    — Шымкент қаласы Қазақстан халқы Ассамблеясы Қоғамдық келісім кеңесінің мүшесі — Шеримкулов Досыбай;

    — «Nur Otan» партиясы қалалық филиалы төрағасының орынбасары -Қалмұратов Мұратәлі;

    — Халықаралық «SILKWAY» университетінің президенті — ЮнусовМадияр;

    — Қазақстан халқы Ассамблея жанындағы Аналар кеңесінің төрайымы — Көмекбаева Балхия;«Шымкент қаласының Азаматтық Aльянсы» қауымдастық нысанындағы ЗТБ президенті — Білісбеков Жұмағали;

    «NAR TV» телеарнасы директорының орынбасары — Күмісбек Айғаным;

    — «Айғақ» телеарнасының редакторы — Сарыбасова Ұлбике;

    «Отырар» телеарнасының тілшісі — Саидов Шуддин;

    — «Хабар-24» телеарнасының тілшісі, Байбосынов Нұрбек;

    — «Уақыт» газетінің бас редакторы, Балтабаев Талғат

    — «Казахстанская правда» тілшісі — ДобротаЛюбовь;

    «Шымкент ақпарат» ЖШС директоры -Тайжан Бақтияр;

    — «Оңтүстік» телеарнасының директоры – Қыдыров Уәли;

    — Шымкент қаласы Қоғамдық кеңестің төрағасы — БұхарбайНұрғазы;

    Сондай-ақ, «Қазақстан халқы Ассамблеясына 25 жыл» мерекелік медалімен:

    — Қала әкімі аппараты басшысының орынбасары — Мыңбаев Рашид;

    — Қала әкімі аппараты басшысының орынбасары — Сарсеева Айгүл;— Білім басқармасы басшысының орынбасары — Нарбекова Балмаржан;

    — Кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасының бас маманы — Зайнутдинова Ляйля;

    — Қала әкімі аппаратының бас инспекторы — Шынтасов Даурен;

    — Қалалық ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқарманың бас маманы — Амзеева Айгүл;

    — Қалалық Ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқарманың — «Қоғамдық келісім» КММ басшысы — Байғонақов Ербол наградталды.

    Айта кетейік, бүгінде қаладағы 1 млн. 38 мыңнан астам тұрғынның 67,4 пайызын – қазақтар, 17,6 пайызын – өзбектер, 8,9 пайызын – орыстар және 6,1 пайызын өзге этнос өкілдері құрайды. Миллионнан астам тұрғыны бар Шымкент қаласы қашан да ұлттық салт-сананың сарқылмас бұлағы саналған. Достықтың киелі ордасы болып табылатын қаламызда 17 этномәдени бірлестік жұмыс жүргізеді.

    Ф. Жандар

    қатысты посттар

    Шымкентте екі күнде 50-ден аса дәрі-дәрмекті заңсыз сату анықталған

    Фариза

    «Көне тараз күмбірі» республикалық этно-фольклорлық ансамбльдер конкурсы

    Шымкенттегі эпидемиологиялық ахуал бақылауда

    Фариза

    Пікір қалдыру

    two × 4 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.