-4.1 C
Алматы
Воскресенье, 24 ноября 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Аймақтар

    ШЫМКЕНТ: «Еңбек» бағдарламасы аясында 20 мыңнан аса адам жұмыспен қамтылған

    Шымкент қаласында биылғы 8 ай ішінде «Еңбек» бағдарламасы шеңберінде 20 471 адам жұмыспен қамтылды. 

    Бағдарламаның бірінші бағыты — инфрақұрылымды және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты дамыту есебіненазаматтарды жұмыспен қамтуға арналған. Шымкентте осы бағыт бойынша 3 196 азаматты тегін кәсіби оқуға жолдаужоспарланған. Бүгінде нақты 2 000 адам қысқа мерзімгекәсіптік оқытуға жолданса, 1 196 адам техникалық және кәсіби білімі бар кадрлар даярлауға жіберіліп отыр. Жоспар100 процентке орындалған.

    Екінші бағыт — кәсіпкерлік бастаманы ынталандыруға арналған. Осы бағыт бойынша 6819 тұрғынға қолдау көрсетіледі деп жоспарланған. Қазіргі таңда іс жүзінде 4 204 адам қамтылған. Оның ішінде «Бастау Бизнес» жобасыбойынша кәсіпкерлік негіздерге оқытуға жоспар бойынша 1 850 адамды жолдануы тиіс еді. Дегенмен бүгінде  2 820 адам оқуға жолданып, жоспар артығымен орындалып отыр. Ал, 40 адамға шағын несие берілген. 1 361 азаматмемлекеттік грант иегері атанған.

    Үшінші бағытта — халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу және еңбек ресурстарының ұтқырлығын арттыру арқылы еңбек нарығын дамыту көзделген. Осы бағытқа жыл бойына22 790 адам қатысады деп жоспарланған. Бүгінгі күнге дейін 16 740 адамға жұмыспен қамту бойынша көмек көрсетілді.

    Атап айтқанда, 5 755 азамат тұрақты жұмысқа орналасқан болса, 313 адам әлеуметтік жұмыс орындарына жолданған. 2 099 адам жастар практикасына, 4 494 адам ақылы қоғамдық жұмыстарға тартылған.

    «Жұмыспен қамту жол картасы» аясында 4 079 адамжұмысқа орналастырылған.

    Г. ҚАПАЛ

    қатысты посттар

    «Қызылорда-Жезқазған» бағытындағы тас жолын жөндеу жұмыстары басталады

    Фариза

    Маңғыстаулықтар азық-түлік бағасын реттеудегі Жамбыл облысының тәжірибесімен танысты

    Фариза

    Шымкент сырасы өз өнімін шетелге шығаруда

    Фариза

    Пікір қалдыру

    nineteen + 7 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.