7 C
Алматы
Жұма, 29 Наурыз 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Аймақтар

    Тәжді вирусты жұқтырмаудың жолдары қандай? Дерттің дендеуіне қауіпсіздік шараларын қатаң сақтамаған өзіміз кінәліміз.

    Коронавирус індеті қазіргі кезде өршіп, халыққа аса қатер төндіріп тұрғаны көпшілікке аян. Тіптікарантин мерзімін бірнеше рет созуға тура келді. Соған қарамастан аталған вирус соңғы кезде тіпті қатты белең алуда. Бұл көбіне жұртшылықтың карантин режимдерін қатаң әрі дұрыс сақтамауынан болып отыр. Осыған байланысты дәрігерлер коронавирустың алдыналу жолдарын онлайн түсіндіруде.

    Дәрігерлердің айтуынша COVID-2019 респираторлы аурудың қоздырғышы болып табылады. Және бұл вирус тез таралатын аса жұқпалы дерт саналады.

    – Вирустың алдын-алудың бір жолықолды үнемі сабынмен жуып және құрамында спирті бар заттармен сүрту. Бұлай ету алдымен қолда вирус болса, оны өлтіреді. Бөлмені күніне кеміне 3-4 рет желдетіп, ылғалды тазалық шараларын жүргізу керек. Сондай-ақ, қоғамдық орындарда адамдарданминимум 1,5 метр ара-қашықтықтысақтап және бетперде киюді ұмытпау керек. Себебі, респираторлы жұқпамен ауыратын адам жөтелгенде немесетүшкіргенде вирус бар майдатамшыларды айналасына таратады. Егернауқас адамның жанында болған адам, вирусты сол ауаны жұту арқылы жұқтыруы мүмкін, дейді №6 қалалық емхананың бас дәрігері Гүлнар Кулбаева.

    Ал, №8 қалалық емхананың бас дәрігері Сара Оспанованың айтуынша адамдарқолдарын үнемі сабынмен жуып жүрулері керек. Жуылмаған қолмен көзді, мұрынды және ауыздың айналасынұстамау қажет.
    Себебі, адамдар көптеген заттардың бетінқолдарымен ұстайды, ал онда вирус болуы мүмкін. Содан кейін көзді, мұрынды және аузды ұстағанда қолдағы вирустың ағзаға тарау қаупі бар. Сондай-ақ, дене қызуы жоғары, жөтел және тыныс алудың нашарлауы болса, үйде болып, аймақтық дәрігерге телефон арқылы байланысу керек. Ауруханаға барудың қажеті жоқ. Дәрігердің нұсқауын үй жағдайында орындаған жөн. 14 күн өзін-өзі оқшаулау қажет.

    Дәрігер – инфекционист Гүлжан Жабикенова болса медициналық бетперде тағу қорғанудың бірден-біржолы екенін айтады. Бетперде кейбірреспираторлық аурулардың таралуыншектеуге мүмкіндік береді. Бетперденің де түрлері бар. 2,4,6 сағаттық бетперделер бар. Оларды да дұрыс пайдалану аса маңызды.

    Сондай-ақ, жалпы дәрігерлердің ескертуікарантин кезінде көпшілік орындардаболмау, жеке тазалық гигиенасын сақтау, сауда орындарында, базарлардажүргенде антисептиктер қолданып, бетпердені үнемі жаныңнан тастамаубасты талап болып отыр.

    «COVID-2019 вирусының заттардың бетінде өмір сүру ұзақтығы әлі анықталмаған, бірақ алдын ала мәліметтер бойынша олардың тіршілік етуұзақтығы бірнеше сағат болуы мүмкін. Сондықтан ауруға жол бермеу үшін қарапайым дезинфекциялаушы заттардықолданып, карантин ережелерінбұлжытпай сақтау маңызды»-дейді, тұрғындар денсаулығына алаңдаған шымкенттік дәрігерлер.

    Г. ҚАПАЛ

     

    қатысты посттар

    МҰРАТ ӘЙТЕНОВ ӘЛ-ФАРАБИ АУДАНЫ ӘКІМІНІҢ 9 АЙДА АТҚАРҒАН ЖҰМЫСЫНА ОҢ БАҒА БЕРДІ

    Фариза

    Жамбылдық мемлекеттік қызметкерлер сертификатталған жоба менеджері мәртебесіне ие болады

    Фариза

    ШҚО-дағы шабыттандыратын жарқын жандар

    Пікір қалдыру

    one × 3 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.